ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен жылу беру маусымына дайындық бойынша жиналыс өтті. Мекемелердің дайындығы пысықталып, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Қаладағы 1987 көпқабатты тұрғын үйдің 91% дайындалған. Ал, 484 бюджеттік мекемелерден бүгінгі күнге дайындалғаны 480 нысан (99%), дайындық жұмыстары жалғасуда. Аталмыш мекемелер отын қорымен толық қамтамасыз етілген.
Қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 66 мың тонна, бүгінгі күнге дейін қалаға 100,8 мың тонна көмір тасымалданған, қоймаларда 35 мың тонна көмір қоры бар.
Инфрақұрылым жүйелерінің дайындығы 90 пайызды құрап отыр.
Әл-Фараби ауданындағы көпқабатты үйлердің жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Диваев көшесі, төменгі Отырар шағын ауданы 9, 11 үйлердің сығымдау, Бейбітшілік көшесінде ескірген құбырларды жаңасына алмастыры жұмыстары тексерілді.
Әл-Фараби ауданында 672 көпқабатты тұрғын үй болса, оның 613-і орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған. Бүгінде оның 35 пайызы жылыту маусымына дайын. Алда бұл бағытта жұмыстар жалғасатын болады.
Қаратау ауданында 554 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Оның ішінде 422 көпқабатты тұрғын үй орталық жылу жүйесіне, 132-сі автономды жылу жүйесіне қосылған. Аудан әкімдігі «Қуат жылу орталық-3» мекемесімен бірлесіп, 422 үйге сығымдау жұмыстарын жүргізу жоспарын бекіткен болатын. Жоспарға сәйкес, 422 көп қабатты тұрғын үйдің қысқы дайындығы пысықталатын болады. Бүгінге дейін 131 көп қабатты үйде кестеге сәйкес сығымдау жұмыстары жүргізілді.
Мамандардың айтуынша, ауданға қарасты көпқабатты тұрғын үйлердегі сығымдау жұмыстарына бірқатар жауапты мекемелер бекітілген. Қазіргі таңда «ОҚО үйлерді басқару» ЖШС-інің — 3, «Қызметкер СК» ЖШС-інің — 3, «Коммунал Сервис КО» ЖШС-інің —1, ЖК «Исабаева» —1, «Алиаскар Бам Групп» ЖШС-інің 1 арнайы жұмыс бригадасы және ЖК «Әділ», ЖК «Адал хаузинг», ЖК «Қазына» мамандары жұмылдырылған.
Қала әкімі күрделі жөндеу жұмыстары бойынша аяқталмаған жұмыстарды тездетіп бітіруді, құбырларды жаңартуда орын алған кемшіліктерді реттеуді, аудан әкімдеріне көп қабатты тұрғын үйлердің дайындығын тексеріп қосымша баяндауды, маусымға дайындық жұмыстарын қыркүйектің соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлердегі инженерлік желілер мен жылу көздерін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде...

Елордада ҚР Туризм және спорт министрлігі мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі...

Кездесу барысында қазақ-молдован байланыстарын дамыту перспективасы талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда...

Қазақстанда медициналық бригадалар ЖКО орнына келу жылдамдығы бойынша дамыған елдер деңгейінде нәтижелер көрсетіп жатыр. Орта есеппен, жедел жәрдем...