ІШКІ ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТҰРҒЫНДАР ЖАУАПКЕРШІЛІГІНДЕ

ІШКІ ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТҰРҒЫНДАР ЖАУАПКЕРШІЛІГІНДЕ

Қаладағы 1987 көп қабатты тұрғын үйлердің 91 пайызы жылу беру маусымына дайын, яғни бұл үйлер толық сығымдаудан өткен.
Атап айтқанда:
• Абай ауданы - 419 үй, дайындалғаны 377 үй, қалғаны 42 үй (90%);
• Әл-Фараби ауданы - 613 үй, дайындалғаны 552 үй, қалғаны 160 үй (90%);
• Еңбекші ауданы - 533 үй, дайындалғаны 485 үй, қалғаны 48 үй (91%);
• Қаратау ауданы - 422 үй, дайындалғаны 389 үй, қалғаны 105 үй (93%).
Дайындық жұмыстарын тұрғындармен келісімшарт жасасқан коммуналдық мекемелер жүргізуде.
Өткен жылдардағы жылу беру маусымы көрсеткендей, дайындық жұмыстары мерзімінде жүргізілген көп қабатты үйлерде ақаулар орын алмаған, тұрғындар сапалы жылумен қамтылған. Үй ішіндегі жылыту батареялар іші су өткізу көрсеткіші маңызды. Тозығы жеткендерін ауыстыру, ішкі құбырлардың жылу өткізгіштігін тексеру тұрғындардың (ОСИ, ПТ) жауапкершілігінде.
Көпқабатты тұрғын үйлердің орталық магистралдан келген жылуды толық пайдалану көрсеткіші, тұрғын үйдің ішкі жүйесінің (құбырларының) тазалығына байланысты.
Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында бұл жылы 19,4 шақырымдық ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінге дейін оның 17,8 шақырымы біткен, бұл 92 пайызды құрайды.
Соның ішінде, Толстой – Адырбеков көшесінде 357 метр жылу құбыры ауыстырылуда. Бүгінде оның 267 метрі аяқталса, қыркүйек айының соңына дейін толық ауыстырылып бітпек.
Қаладағы 15 жылу қазандытың қазір 3-і қысқы маусымға дайын (К-19, ПМК-49, К-54), қалған 12 қазандық 15 қыркүйекке дейін толық дайын болады. Ал, жылу жүйесіндегі 17 сорғы стансаның 7 қысқы жылуға дайын тұр. Қалған стансаларда жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Жұмыс барысымен танысқан қала әкімі М.Әйтенов тиісті сала басшысына жылыту маусымы кезеңіне дейінгі қажетті шаралардың талапқа сай және уақытылы атқарылуын тапсырды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
Тұрғындарымызды қыс маусымы дайындығына назар аударуға шақырамыз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ