"IGILIK PARK" ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУДА

"IGILIK PARK" ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУДА

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүріп жатқан "Igilik Park" тұрғын үй кешеніне барып, жұмыс барысымен танысты.
Қазіргі таңда 12 000 шаршы метрлік 200 пәтерден тұратын 4 тұрғын үйге кәріз жүйесі мен су құбыры 95%-ға тартылып, электр желісі жүргізілуде.
-Халықтың сұранысы сапалы су, жарық және кәріз жүйелері. Бір рет жасалған жүйе ұзақ жылдар қызмет етуі керек. Сондықтан да сапаға аса мән беру керек"-деді қала әкімі тиісті сала өкілдерімен кездесу барысында.
Айтып өтейік, "Igilik Park" кешеніндегі пәтерлерді «Өз үйім» бағдарламасы арқылы алуға болады.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы бойынша тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялауға жолданған 1400 азаматтың өтінімі мақұлданды. Оның ішінде 221 азаматпен "Отбасы банк" арасында келісім шарт түзіліп, жалдау ақысының 50%-ы мемлекет тарапынан аударылды.
Осыған байланысты тұрғын үй басқармасы мен “Отбасы банк” өкілдері бірлесе Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесіп, тұрғын үй субсидиясы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бағдарлама талаптарына сәйкес тұрғын үй кезегіне тіркелген 1 және 2 топтағы мүгедектері, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы отбасылар субсидия алуға өтінішті otbasybank.kz платформасында бере алады.
Өтініш берушінің соңғы 6 айға отбасыдағы адам басына шаққандағы табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек (1 КМ = 37 389 теңге). Өтініш беру үшін ЭЦҚ-сы болуы қажет.
Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы баспаналы болғысы келетіндер үшін қойылатын негізгі талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) өтініш берген күнге өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;
3) өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің әрқайсысының соңғы 6 ай ішіндегі айлық табысы, қаржы жылына белгіленген, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен (әрбір отбасы мүшесіне 115 905 теңге) аспауы тиіс.Нақты айтқанда 2022 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері37 389 теңгені құрайды;
4) некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);
5) еңбек және кәсіпкерлік қызметтен отбасылық жиынтық табыстың болуы;
6) төлем қабілеттілігін растау;
7) тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебінде тұруы.
Кредит беру талаптары:
- қарыздың нысаналы мақсаты;
– бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу;
- тұрғын үйді сатып алу кезінде ең жоғарғы қарыз сомасы;
– 15 млн. теңгеден аспайды.
Өтініш беру Банктің otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ