ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ

Абай ауданы аумағындағы Игілік тұрғын алабының Бабата көшесі тұрғындарының жыл басында әкіммен кездесу барысындағы өтініштерінің бірі көшеге асфальт төсеу болатын. Соған сәйкес орташа жөндеу жұмыстары сәуір айында басталып, қазіргі таңда афсальтбетон қабатының 1 қабаты төселді. Жолдың жалпы ұзындығы 1 шақырымды құрауда.
Салынып жатқан жол сапасын Шымкент қаласының әкімі арнайы барып тексеріп, тұрғындармен кезесті, арыз-шағымдарын тыңдады.
“Жол активтері сапасының ұлттық сапа орталығына” асфальтбетон қабаты бойынша сараптама жүргізуді тапсырған шаhар басшысы, жол салу жұмыстарының әр кезеңінде сапа бақылауының маңыздылығына тоқталып, жоспарға сәйкес, магистралды көшелерімен қоса, ішкі орам көшелерінің сапасы басты назарда екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Әл-Фараби аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдауына көптеген азаматтар түрлі өтінішпен келеді. Осы ауданның тұрғыны А.Әшіралиева Қазыбек би көшесі № 28, 30, 20, 20А және 32 көпқабатты үйлердің тұрғындарының атынан арыз жазып келген болатын. Тұрғындардың басты мәселесі ауладағы балалар алаңшасын сырлап, тазалық жұмыстарын ұйымдастыру болатын.
Қаратау ауданы әкімі Р.Мулкеманов аталған мәселені өз бақылауына алған болатын. Нәтижесінде, Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімі аппараты мамандары тарапынан «Zhasyl zher» ЖСШ мекемесінің қызметкерлеріне тапсырма берілді. Қазіргі таңда, Мәртөбе тұрғын алабында қоқыс қалдықтарын тазалау жұмыстары жүргізіліп, ретке келтірілді. Қоғамдық қабылдауға келген барлық азаматтарға, жеке және заңды тұлғаларға тиісті кеңестер беріліп, заңнама нормалары түсіндірілді.
«AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық партия филиалына Сәуле шағын ауданы тұрғындарының атынан Бақыт Сағынтай өтінішін білдірді. Аталмыш шағын аудан маңындағы 195, 275, 276 орамдар арасын қосатын 16,4 шақырым көшеге шағал тас төсеу жұмыстарын жүргізуді өтінген болатын.
Өтініш берушінің сұрағы бойнша Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев тиісті жұмыстар жүргізілетінін хабарлаған. Нәтижесінде 2022 жылдың мамыр айының 30 күні Әл-Фараби ауданы Сәуле шағын ауданы маңындағы 195, 275, 276 орамдар аралысын қосатын 16,4 шақырым көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылып, тұрғындардың өтініші орындалды.
Еңбекші аудандық партия филиалына қала тұрғыны Ақмоншақ Ұзақбай есімді азаматша арыз шағымын айтып келген болатын. Еңбекші ауданына қарасты 18 мөлтек ауданының көшесінің жолдары мен жаяу жүргіншілер жолын жөндеуді сұрап, өтініш білдірді.
«AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының төрағасы әрі әкімі Досбол Күздікбайұлы арыз иесінің сұрағымен толыққанды танысып, мәеленің оң шешімі болатынын жеткізді. Қалалық жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасының ықпалымен «АлемТрансЖол» ЖШС-і тарапынан жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нақтырақ айтсақ, жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп, асфальт қабаты төселді, деп хабарлайды «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...