«Артем» және «Big Шанхай» базарларында санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылғаны анықталды

«Артем» және «Big Шанхай» базарларында санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылғаны анықталды

Нұр-Сұлтанда карантин шаралары біртіндеп алынғаннан кейін, ірі сауда және ойын-сауық орталықтары, фитнес-орталықтар, сұлулық салондары және басқа да шағын және орта бизнес нысандары қызметін қайта бастады.

Апта ішінде әкімдік, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілдерінен құралған елордалық мониторинг тобы кәсіпкерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы бойынша рейдтер өткізді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты жазды.

Сенбі күні полиция қызметкерлерінен және Байқоңыр ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдерінен тұратын мобильді топ базарларда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қадағалады.

Мониторинг барысында «Артем» және «Big Шанхай» базарларында әлеуметтік қашықтық пен маска тағу тәртібін бұзушылықтар анықталды. Сондай-ақ барлық бөлімдер мен бутиктерде санитайзерлер мен термометрия орнатылмаған. Кейбір бутиктерде әлеуметтік қашықтық сақтауға мүмкіндік жасалмаған.

Анықталған бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының 425 бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік жаза қолданылады.

Жалпы алғанда, 5 шілдеден бастап ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша 863 бұзушылық анықталды. Оның 236-сы жеке тұлғалармен, 627-і кәсіпкерлік субъектілерімен жасалған. Барлық жиналған материалдар бойынша Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тиісті шешім шығарады.

Барлық қоғамдық орындарда адамдар қашықтық сақтап, маска тағып, санитайзер қолдануы керек.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...