Нұр-Сұлтандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан мектеп оқушыларына қашықтықтан оқыту үшін 34,5 мың компьютер сатып алынады

Нұр-Сұлтандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан мектеп оқушыларына қашықтықтан оқыту үшін 34,5 мың компьютер сатып алынады

Тұрмысы төмен отбасыдан шыққан оқушыларды компьютермен қамтамасыз ету үшін 6 млрд теңге бөлінді. Бұл жөнінде қала әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.

Елордалық аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушыларды қашықтан оқыту кезінде компьютерлермен және роутерлермен қамтамасыз ету үшін 6 млрд теңге бөлінді. Бұл халықтың әлеуметтік осал топтарының барлық балаларын қамтуға мүмкіндік береді. Яғни, қамтылуы 34,5 мың балаға дейін жетеді.

"Елордалық барлық білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылы қашықтан басталады. Ата-аналардың өтініші бойынша 1-4 сынып оқушылары үшін "кезекші сыныптардың" жұмыс істеуін жоспарлап отырмыз. Бұл ретте барлық санитарлық шаралар қатаң сақталады. Педагогтердің 30% - ға жуығы штаттық режимде, оның ішінде кезекші топтарда сабақ беру үшін жұмысқа шығады.

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды қыркүйекте  компьютерлермен және роутерлермен қамтамасыз етеміз. Осы мақсатта 6 млрд теңге бөлінеді. Бұдан басқа, бірқатар әлеуметтік шаралар қолға алынды. Атап айтсақ, жалпыға міндетті оқу қоры шеңберінде әрбір оқушыға мектеп құралдарын сатып алуға 40 мың теңгеден бөлеміз, 7 мың бала "Мектепке жол" акциясымен қамтылады және т. б.

Сондай-ақ, балабақшалардағы "кезекші топтардың" жұмысын жалғастыруды жоспарлап отырмыз", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанай облысындағы бес ауылдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртіп сақшысы, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Бір округке бес...

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық техника саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі - қытайлық Mindray корпорациясымен бірлесіп, Қазақстан...

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен бірінші Халықаралық экологиялық конференцияда Каспий...