ҚАЙНАРБҰЛАҚТЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ

ҚАЙНАРБҰЛАҚТЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ

Қайнарбұлақ шағын ауданын инженерлік инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқын алған, десек те бірқатары келесі жылға өтпелі.
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов бүгін аталған шағын ауданға барып, жалпы жұмыстар барысымен танысты.
60 750-ге жуық тұрғыны бар Қайнарбұлақта қазір 329,8 шақырымды құрайтын ауыз су құбырлары тартылуда. Әзірге 50 шақырымы біткен.
Табиғи газбен қамту жұмыстары екі секторға бөліп жүргізілуде.
Жаңақұрылыс тұрғын алабында ұзындығы 233,4 шқ болатын газ жүйелері тартылуда.
Саяжай алабында газ жүйелерінің ұзындығы: 206,7 шқ.
Екі сектордағы құрылыс жұмыстарды келесі жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар электр жүйесімен қамтудағы жұмыстар 2023 жылдың ІІІ-тоқсанында аяқталмақ. Жалпы электр жүйелерінің ұзындығы 68,6 шқ. құраса, осы кезге дейін жұмыстың 40%-ы орындалды.
2020 жылы Центральная көшесі, 2022 жылы Степная, Бөлешов, №125 мектеп көшелері жарықтандырылдыАл 2023 жылы Дружба, Фабричная, Металлург, Заводская, Құрасбеков, Шанин, Жаңақұрылыс көшелері жарықтандырылатын болады.
Саяжай электр жарығымен 100 пайыз қамтылған. Ауыз су толық берілген. Табиғи газбен қамтылмаған, газдандыру үшін жобалау жұмыстары жүргізіліп, сараптама қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстарына бюджеттік өтінім жолданды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары жүргізіледі.
Мұндағы 222 көшенің 32-сі асфальтталған болса, 190-ы тас жол. 2021 жылы 24 шақырым топырақ жолға шағал тас төселді. Биыл Энергетик, Карданник, Пресс автомат, Дорожный, Восход, Металлург, Русские березки, Серегин, Толстой көшелері секілді 14 көшеге асфальт төселеді. 2023 жылы - 28 көше (9,2 км), 2024 жылы - 19 көше (14,9 км), 2025 жылы - 8 көше (34,9 км) асфальтталады.
Өткен жылы Степная көшесінде жарықтандыру бағаналары орнатылса, биыл аталған көшеге жарық қосылады. Сонымен бірге, Центральная көшесі жарықтандырылады. 2025 жылға дейін ққосымша 7 көше жарықтандырылмақ.
2021 жылы оптикалық интернет желісі орнатылды.
Былтырғы жылы №83 мектеп маңына демеушілер есебінен 1 спорт алаңшасы, жергілікті бюджет есебінен 1 спорт алаңшасы бой көтерді. Бұл жылы бос жерлерге зерделеу жұмыстары жүргізілмек.
Аталған елдімекенге №№ 70, 2, 149 қоғамдық көлік қатынайды. Қала әкімінің «Қайнарбұлақ» тұрғындарымен кездесуі нәтижесінде №70 бағытқа 2 автобус, ал №2 маршруткіге 1 автобус қосылған болатын.
Нысандарды тексеріп шыққан қала басшысы мердігерлер мен тиісті сала басшыларына жұмыстардың мерзімдік және сапалық міндеттемелерге мұқият болуды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...