ШЫМҚАЛАДА ӨҢІРЛІК ЛИГА ҚҰРЫЛДЫ

ШЫМҚАЛАДА ӨҢІРЛІК ЛИГА ҚҰРЫЛДЫ

2022 жылы 12 қыркүйек күні Өңірлік мектеп және студенттер (колледждер) лигасын құру жөніндегі пікірсайыс қозғалысы лигасын құру бойынша алғашқы жалпы жиналыс өтті. Мақсаты өңірлік лиганы құру, лига құрамын бекіту,лига төрағасын сайлау болды. Жиналыста кіріспе сөз алған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Ж.Мұқан шешендіктің сөйлеген сөзге тыңдаушылардың ешбір қиналыссыз құлақ қоюы ғана емес, сондай-ақ айтылған мәселеге ерекше ынта-ықылас танытып, тақырып байыбына терең бойлауға ұмтылысының оянуына түрткі боларлықтай сөз екшей білу өнері екендігін, шешендік өнерді ең асыл өнер деп бағалайтынын жеткізді. Еліміздің ертеңі- жастардың бойына шешендік дарытып, олардың тіл байлығын, сөз шеберлігін шыңдау, ой-өрісін кеңейту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту бүгінгі күннің талабы болып отырғанын басымдықпен көрсетіп берді.
Басқарма басшысы Ж. Тажиева мектеп және студенттік пікірсайыс қозғалысы өңірлік лигасының қызметі, лиганың мақсат, міндеттері және қағидаларымен, атқаратын қызметін айта келе, лига мүшелігіне үміткерлермен таныстырып, Өңірлік лиганың 2022-2023 оқу жылындағы мақсат-міндеттерін айқындап берді. Қосымша білім беру оқу салалық орталығының бөлім басшысы Г.Сулейменова Өңірдегі дебаттық қозғалыс жобасының 2021-2022 оқу жылындағы іске асырылуы бойынша атқарылған жұмыстарын баяндай келе, жеткен жетістіктерін саралап өтті. Белсенді дебатер, білім басқармасының баспасөз маманы Р.Арғынбай өңірдегі пікірсайыс қозғалысының қарқынды дамуы үшін лиганың маңызды екенін атады. Дебат ойындары- сөзді «қиыннан қиыстыратын» тіл жүйріктерінің өнер жарысы, сөз сайысы, сөз барымтасы.Себебі, орынды жерде өз ойын дөп басып айта алатын адам қай заманда болмасын өз ортасының айнасы іспетті, өйткені тыңдаушыны өз сөзіне иландыру мақсатында еркін, көркем, әдеби,сөздің тек жауhарларымен сөйлейді дей келе, лига мүшелерін бүгінгі жастарды сөз өнері мәдениетіне тәрбиелеуде ынтамақтаса жұмыс жасауға шақырды. Жиналыс соңында лига мүшелері Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің директоры Г.Искакова, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары М.Т.Кеуенова, ОҚМПУ жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Б.Тасболат, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жастар ісі жөніндегі көмитетінің төрағасы А.С.Бесбаев, №9 IT лицейдің директоры Г.С.Абилдаева оз ойларымен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерімен алмасты. Өңірдегі пікірсайыс қозғалысының қарқынды дамуы үшін осындай игі іс-шараға ризашылықпен тілектестік білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «China Huadian Corporation Ltd.» мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесті. Компания...