Шымкент қаласы Түркістан көшесі бойында өрт сөндіру депосы жаңадан бой көтеруде. Бүгін қала әкімі М. Әйтенов нысанның құрылыс жұмысы барысымен танысып, жаңа корпустың нормативтік актіге сәйкестігін тексеріп шықты.
-Тозығы жеткен ескі сәулет ғимараты қала тұрғындарына ұзақ жылдар қызмет еткенін білеміз. Аумағы 0,3319 га жерді алып жатқан сөндіру бөлімі мегаполистің орталық бөлігін қорғауға ыңғайлы. Сондықтан жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау кезінде осы ерекшелікке басты назар аудардық. Материалдық-техникалық базаны заман талабына сай жабдықтауға қолдау танытамыз,-деді әкім.
Ғимаратта әкімшілік корпус (АБК), 4 автомобильге арналған депо, диспетчер кабинеті, демалыс бөлмесі, қарауыл кабинеті, асхана, себезгі бөлмесі, санитарлық тораптар, баспалдақтар, киім шешетін бөлме, жеңдік бөлім, директор кабинеті, директор орынбасарының кабинеті, мұрағат, бастық кабинеті, қабылдау бөлмесі, акт залы, қоймалар, ГТҚҚ (Газ-түтіннен қорғау қызметі) кабинеті, оқу сыныбы, кабинеттер, дәліздер қарастырылған.
Құрылысы осы жылдың маусым айында басталған нысан желтоқсанда пайдалануға берілуі жоспарланған.
Құрылыс жұмысы толық аяқталғанда, қаладағы ең көне сәулет ғимараттарының бірінің орнында №3 өрт сөндіру бөлімінің жаңа заманауи ғимараты пайда болады.
Шымкент қаласы Түркістан көшесі бойында жаңа өрт сөндіру депосы бой көтеруде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов нысанның құрылыс жұмысымен танысты.
Жалпы, жыл сайынғы қала тұрғындардың өсіміне байланысты азаматтардың қауіпсіздігі, сондай-ақ төтенше жағдайларды ескерту мен оны жоюды қолға алу басты мәселе екені белгілі.
Қаладағы №3 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары өз қызметін 70 жыл бұрын салынған ғимаратта атқарып келген. 2020 жылдың сәуір айында сарапшылар қорытынды жасаған еді – Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №3 өрт сөндіру бөлімінің архитектуралық құрылысы бұзылатынын мәлімдеген.
Бұл ғимараттың 1938 жылдан басталатын үлкен тарихы бар. Дәл сол кезде учаске бөлінген болатын. Содан кейін мұнда тәуелсіз әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі пайда болды. 80-ші жылдары бұл қаланың өртке қарсы қызметінің орталық пункті болды.
Аудан аумағы 0,33 га жер учаскесін алып жатқан №3 өрт сөндіру бөлімі қаланың орталық бөлігіне жауап береді.
Бүгінде №3 өрт сөндіру бөлімінде 62 қызметкер қызмет атқарады. Тозығы жеткен ескі сәулет ғимараты қала тұрғындарына жақсы қызмет етті. Бұл өрт сөндіру бөлімі қаланың орталық бөлігін қорғауға ыңғайлы.
Сондықтан жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау кезінде бұл ерекшелік басты назарда болды. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ең маңызды мәселелердің бірі – қалалық өрт сөндіру қызметінің материалдық-техникалық базасын жақсартуы шешіліп келуде.
Құрылысы осы жылы басталған нысан 2023 жылдың соңында пайдалануға берілмек. Құрылыс жұмысы аяқталса, қаладағы ең көне сәулет ғимараттарының бірінің орнында №3 өрт сөндіру бөлімінің жаңа заманауи ғимараты пайда болады. Жаңа корпус барлық нормативтік талаптарға жауап береді.