2022 жылы 14 қыркүйек күні “Оқушылар мен студент жастар дебаттық қозғалысы” жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру, Өңірлік мектеп және студенттік пікірсайыс қозғалысы(колледждер) лигасын қолдау, насихаттау, жас пікірсайысшыларға жайлы орта қалыптастыру мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында дебат кабинеті ашылды.Арнаулы кабинеттің ашылу салтанатына Шымкент қалалық маслихатының депутаты, Өңірлік лиганың мүшесі,жастар жанашыры Талғат Балтабаев, Өңірлік лига төрағасының кеңесшісі, басқарманың баспасөз маманы Р. Арғынбай, қосымша білім беру оқу салалық орталығы директорының у.м.а Г. Ахметбекова, бөлім басшысы Г.Сулейменова қатысты.
Бүгінгі таңда аталмыш мектепте “Мұрагер” дебат клубы үш лига бойынша жұмыс жүргізеді. Өткен оқу жылында мектептің «Мұрагер» пікірсайыс клубы қала, республика көлемінде жоғары көрсеткіштерге жеткен болатын. 200-ге жуық пікірсайысшылары бар клубтың арнайы кабинетпен жабдықталуы жас өрендердің дебат ойынына деген ұмтылысын арттырды.Алдағы уақытта мектеп өрендері пікірсайыс әлемінде биік шыңдарды бағындырады деген сенім мол!
Сонымен қатар, 2022 жылы 13 қыркүйек күні қала мектептерінің Өзін-өзі басқару ұйымы «Мектеп парламентінің» жаңа оқу жылындағы атқаратын жұмыстарын айқындау мақсатында жиналыс өтті. Жиналысқа білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызы арнайы қатысып, Парламент көшбасшыларына өзін-өзі басқару ұйымы - өзара көмек және сенім, дамуға ұмтылу, барлық оқушылардың тең құқылығы, шешімдер қабылдаудың ұжымдылығы, оқушылардың құқықтары мен мүдделерінің басымдығы, әрбір жеке тұлғаға қатысты ізгілік, ашықтық, еріктілік, адалдық және серіктестерді құрметтеу қағидаттарына негізделетінін айтты. Осыған орай жоспарлы түрлі іс-шараларда белсенділік танытытып, қабілеттерін жетілдіруге шақырды. Жиналыста қосымша білім беру оқу салалық орталығы директорының уақытша міндетін атқарушы Ахметбекова Гүлнар Сатыбалдиевна Мектеп парламентінің аудандық координаторларын тағайындап, жалпы жұмыс барысы туралы айтты. Мектеп парламенті жобасына жауапты әдіскер Абдраманова Гаухар Жүсіпқызы парламенттің өткен оқу жылындағы атқарған жұмыстарын, жетістіктерін айтып өтіп, жаңа оқу жылының жоспарымен таныстырды.