М.ӘЙТЕНОВ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ САПАСЫН ТЕКСЕРДІ

М.ӘЙТЕНОВ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ САПАСЫН ТЕКСЕРДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов “Өтегенов” көшесінде жалғасып жатқан жол құрылысы жұмыстарын тексерді.
Сапаға басты назар аударған шаһар басшысы нысанның мерзімінен кешіктірілмей тапсырылуын тиісті басқарма мен мердігер мекеме басшыларына ескертті.
Құрылыс екі кезеңмен жүргізілуде;
1-кезең “Өтегенов” көшесі жалғасының құрылысы “Шымкент Сити” шағын ауданынан “Сырым батыр” көшесі аралығын қамтиды. Жалпы ұзындығы 1,205 шақырым, ені 28 м. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты.
Қазіргі таңда, автомобиль жолына жер негізін жасау және тығыздау жұмыстары атқарылуда. Бұған қоса шағал тас төселіп, аяқжол салынып, ирригациялық арықтар орнатылуда.
“Өтегенов” көшесі жалғасының 2-кезең құрылысы “Сырым батыр” көшесі мен “Төлеметов” көшелері аралығы. Жалпы ұзындығы 970 м, ені 23,5 м.
Автомобиль жолында 4 жолақты жүріс бөлігі қарастырылған.
Қазіргі таңда көшеде асфальт жабындысын төсеу жұмыстары және жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары жүргізілуде.
Былтыр басталған құрылыс жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталады.
Биыл 16,9 шақырымды құрайтын 30 көше орташа жөндеуден өткізілсе, 12,9 шақырымдық 33 көшеге шағал тас төселуде. Қазіргі таңда жұмыстың 80%-ға жуығы орындалды.
Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кезекті есепті кездесуін өткізген шаһар басшысы М.Әйтенов бұдан да басқа атқарылған істерге тоқталып өтті.
“Ауданда жалпы саны 404 көше бар. Биылға 30 көшені пайдалануға беруді жоспарлағанбыз. 2023-2024 жылдар аралығында 19,6 шақырымды құрайтын 48 көше асфальтталатын болады”,-деді қала басшысы.
Сондай-ақ, аудан бойынша жол саласының күрделі және орташа жөндеу жұмыстары алдағы 2 жылда 100% аяқталатынын жеткізді.
Айтып өтейік, Әл-Фараби ауданында былтыр 362 шақырымды құрайтын 5 көше орташа жөндеуден өткізілсе, 13 көшеге шағал тас төселді.
Қаратау ауданында 83,6 шақырымдық 89 көшеге орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі. 40 шақырымды құрайтын 43 көшеге шағал тас төселеді. Бүгінде жұмыстардың 60 пайызы орындалды.
2025 жылға дейін 441,2 шқ құрайтын 466 көше асфальттанады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ