ШЫМКЕНТ БІР АПТАДА 200 ТОННА КҮЛ-ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

ШЫМКЕНТ БІР АПТАДА 200 ТОННА КҮЛ-ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

Соңғы бір аптада Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты Жаңа шек, Бозарық, Чинат-1, Ынтымақ, Қос-диірмен каналдарына және Қошқар-ата мен Қарасу өзендеріне тазалау, ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Күз, қыс айларындағы жауын-шашын әсерінен судың канал мөлшерінен асып, тасу қаупінің алдын алу жұмыстары жүргізілді.
“А-III group” мердігер мекемесіне басқарма тарапынан тапсырма беріліп, тазалау жұмыстарына 40 қызметкер мен 4 камаз, 2 экскаватор жалпы саны 6 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде каналдар мен өзен бойлары 200 тоннаға жуық қоқыстан тазартылды.
Әл-Фараби ауданында алдағы күзгі, қысқы жауын-шашын маусымында су басудың алдын алу мақсатында дайындық шаралары жүргізілуде. Ауданның басты және аулаішілік көшелерінің бойында ирригациялық арықтар мен жол жиектері жапырақтардан тазартылуда.
Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.
Айта кететін, тұрғындарға қолайсыздық келтіретін қураған ағаш бұталары кесіліп, аулалар сыпырылды. Аудан аумағындағы қоқыс алаңшалары тазартылды.
Аталған жұмыстарға Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, 11 арнайы техника және 120-ға жуық жұмысшы жұмылдырылды.
Тазалық акциясына барлық мекемелер (әлеуметтік нысандар, коммерциялық нысандар мен мемлекеттік мекемелер, ЖОО) атсалысты.
Сенбілікте аудан аумағындағы саябақтар мен гүлзарлар, аула және көшелер, ирригациялық арықтар, қоқыс алаңшалары қоқыстан тазартылды. Аулалардың шөбі орылып, қураған ағаш бұталары кесілді.
Әл-Фараби ауданында өткен жалпылама сенбілікке 5000-ға жуық адам, 1 мыңнан астам жастар, 250 коммуналдық жұмысшы және 80 арнайы техника жұмылдырылды. Әр мекеме өзіне жүктелген аймақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауданда жалпы 485 м3 қоқыс қала сыртына шығарылуда.
Сенбілікте қала аумағындағы саябақтар мен гүлзарлар, аула және көшелер, ирригациялық арықтар, контейнерлерде тазалық жұмыстары жүргізілді. Аулалардың шөбі орылып, қураған ағаш бұталары кесілді.
Тазалық шарасында мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер мен белсенді тұрғындар өз үлестерін қосты.
Жалпы, Шымкент қаласы бойынша тазалық күніне 20 мыңға жуық адам және 204 техника жұмылдырылған.
Осыған орай Шымкентте экологиялық акция ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты - жанашыр тұрғындармен бірлесе қала аумағын қоқыстан тазартып, абаттандыру.
Жалпы қалалық сенбілікке Шымкент қаласы әкімдігінің аппараты, 23 басқарма мен оларға бағынысты мекемелердің, "Шымкент" ӘКК, 13 департамент қызметкерлері қатысуда. Қала әкімдігінің бастамасымен қолға алынған сенбілікті кәсіпкерлер, белсенді қала тұрғындары мен еріктілер де қолдады. Осы сынды тазалау жұмыстары мен сенбіліктер қаламызда жиі өтіп тұрады.
Құрметті, Шым қала тұрғындары!
Сіздерді каналдар мен өзендерге қоқыс тастамауға шақырамыз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...