САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА 15 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ЖАБЫНДЫСЫ ТӨСЕЛДІ

САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА 15 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ЖАБЫНДЫСЫ ТӨСЕЛДІ

2021 – 2025 жылдарға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес биыл Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабында 15 көшеге асфальт жабындысы төселді.
Тиллаходжаев көшесіне асфальт жабындысының екінші қабатын төсеу жұмыстары толығымен аяқталды. Көшенің жалпы ұзындығы 2,5 шақырым, ені 6 метрді құрайды.
Сала мамандары құрылыс-монтаж жұмыстарын тексеріп, санаулы күндерде көлік қозғалысы үшін пайдалануға берілетін болады.
Сайрам тұрғын алабында орналасқан №107 мектеп 1985 жылы қолданысқа берілген. Бүгінде білім мекемесінің едендері көнеріп, электр жүйелері жарамсыз жағдайға жеткен.
Сынып бөлмелерінде санитарлық нормаға сай ауыз суының болмауы да өзекті мәселенің бірі. Ауласындағы асфальті үгітіліп, әбден тозығы жеткен. Жоғарыда аталған ақауларды жою үшін жөндеу жұмыстары осы жылдың сәуір айында басталыпты.
Ал, жөндеу жұмысынан кейін едендер жаңысына ауысып, есік алдына кіреберіс салынады. Электр желілері ауыстырылып, әр сыныпқа ауыз су тартылады. Сонымен бірге, мектеп ішіне әжетхана жұмыс істейді және ол орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады. Одан бөлек, сметалық жобада оқу ғимаратының шатырын ауыстыру, сыртқа қабырғаның барлығын арнайы материалмен қоршау және спорт алаңын жаңарту жұмысы қаралған.
Жөндеу жұмысы қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Қазіргі таңда жоспарланған жұмыстардың 60 пайызы атқарылған.
2021 жылы «Сайрам» тұрғын алабында 300 орындық мектептің де құрылысы қарқынды жүргізілуде. «Жаңа Арна – 2002» ЖШС салып жатқан нысанның сметалық құны - 1 020 553,0 мың теңге. Нысан құрылысы өткен жылдың наурыз айында басталған.
Қала әкімі тұрғын алаптағы 120 орындық қосымша оқу корпусының да құрылыс барысымен танысты. Қазір мұндағы жұмыстар «А.Р.Т.-Құрылыс» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, құрылысты тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр.
Білім беру нысандарының жұмысын аралап көрген қала әкімі жауапты тұлғаларға жұмысты сапалы орындап, межелі мерзімді тапсыруды міндеттеді
Сондай-ақ, 40 мыңнан астам тұрғыны бар Сайрам тұрғын алабы бүгінде 100 пайыз электр жарығымен қамтылған. Биылғы жылы «Оңтүстік Жарқ Транзит» АҚ тарапынан 7 дана трансформатор орнатылып, 11 шақырымында электр желілері жаңартылады. Бұл жұмыстар жыл соңында аяқталады деп жоспарлануда. Аталған елді мекеннің 95 пайызы ауыз сумен, 90 пайызы табиғи газбен қамтылған. Көше саны –80. Асфальт жол саны – 41. Тас жолдар – 39. Сайрам тұрғын алабында өткен жылы 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл Ю.Сареми, Ақата баба, Гагарин, Алтынсарин, Тиллаходжаев №2,3 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, 2025 жылға дейін 40 көше орташа жөндеуден өтеді. Сонымен бірге осы жылы 3 көше жарықтандырылады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қымбатты отандастар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін бәріміз жүзжылдықтың ширек ғасырлық белесіне қадам басқалы тұрмыз. Биыл Алтай мен...