«Біз халықтан ащы шындықты жасырмаймыз». Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасады

«Біз халықтан ащы шындықты жасырмаймыз». Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасады

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жасап жатыр. Президенттің жолдауы әлемдік пандемия кезіндегі Қазақстандағы жағдайды баяндаумен басталды.

«Парламенттің  кезекті сессиясының жұмысы күрделі кезеңде басталып отыр. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды», -деді Жолдауын бастаған Тоқаев.

Президент төтенше жағдай мен жеті айлық карантин кезінде тынбай жұмыс істеп келе жатқан дәрігерлерге, әскерилерге, құқық қорғау қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге, еріктілерге шын жүректен алғыс айтты.

«Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен халықтың табысын сақтап қалу.  Дағдарысқа қарсы жедел шаралардың екі топтамасы қабылданды. 4,5 млн-нан астам азамат 42 500 теңге көмек алды. Бұған 450 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Осындай жәрдем көршілес еелдерде,  ірі мемлекеттердің өзінде болған жоқ. Миллиондаған азаматқа азық-түлік таратылды. Nur Otan партиясы 550 мыңнан астам отбасыға бір реттік қаржылай көмек берді», - деді Тоқаев.

«Ең бастысы,  біз халықтан ештеме жасырмай, індеттен қаза тапқандар туралы ашық ақпарат бердік. Қаншалықты ащы боллса да, жағдайды ашық айтып отырдық. Күрес әлі жалғасуда», - деп атап өткен Президент коронавирус пандемиясымен күресу әлі бірнеше жылға жалғасатынын, сондықтан босаңсымау керек екенін ескертіп өтті.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...