Қазақстанда Президентке тікелей бағынатын агенттік құрылады

Қазақстанда Президентке тікелей бағынатын агенттік құрылады

Бүгін Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазір жұмыс істеп тұрған стратегиялық жоспарлау агенттігінің жұмысын қайта қарап, Президентке бағынатын жаңа орган құруды тапсырды.

«Мемлекеттік басқарудың жаңа моделін құру керек. Бұл саладағы реформа жүйелі болуы тиіс. Біз мемлекеттік басқаруға деген көзқарасты, кадрлық саясатты, жүйелі шешімдер мен жауапкершіліктен бастаймыз. Дағдарыс пен пандемия кезіндегі қазіргі мемлекеттік басқару барынша жұмыс істеп жатыр. Жедел міндеттерді шешу уақыт алады, бірақ ұзаққа созылып кетпеуі керек. Сондықтан мен тікелей Президентке бағынатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құру керек деген шешім қабылдадым. Бұл орган бұрын да жұмыс істеген, бірақ енді ол мемлекеттік жоспарлау жүйесінің орталығы болады», - деді Үкіметке тапсырма берген Тоқаев.

Жаңа агенттіктің құрамына Статистика комитеті кіреді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Документ положил конец долговременному военному конфликту между двумя государствами и открыл дорогу к установлению дипломатических отношений и...

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық архивінде «Қазақстан архив ісі саласы құжаттарын цифрландыру және қалпына келтіру» бойынша Түркия...

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен Астанада...