Екібастұздық 50 бала қысқы демалысын Түркістан облысындағы спорттық-сауықтыру кешенінде өткізеді. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Аталмыш игі шара партия Төрағасы Ерлан Жақанұлының бастамасымен республика көлемінде бастау алды. Гуманитарлық көмекпен шектелмей, балаларға да жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтқан болатын.
«Аталмыш игі шара партия Төрағасы Ерлан Жақанұлының бастамасымен республика көлемінде бастау алды. Гуманитарлық көмекпен шектелмей, балаларға да жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтқан болатын.
Міне, күні кеше мектеп оқушылары және оларды сүйемелдеушілер Түркістан өңіріне келіп жетті. Қ.Жантөреева, Н.Қойбағаров, Қ.Қансейітов, К.Оспанова, Б.Тойлыбаевтармен яғни жауапты мекемелердің өкілдерімен теміржол вокзалынан күтіп алдық» деп жазды Алтынсары Дүйсенбекұлы.
Екібастұздық 50 бала Түркістан облысы Төлеби ауданында орналасқан «Бәйшешек» демалыс аймағына орналасқан.
«Жалпы 15 жасқа дейінгі мектеп оқушылары қамтылып отыр. Балалар 11 қаңтарға дейін жоспарға сай түрлі бағыттағы іс-шараларға қатысады. Түркістандағы Қ.А.Ясауи кесенесіне де саяхат жасау жоспарлануда. Партияның бұл бастамасы балақайларға ерекше серпін сыйлайтыны анық.
Павлодарлық қонақтарымыз таулы аймақтың табиғатына тамсанғандарын жасырмады. Балалар кесенелерді, мұражайларды көруге асығуда. Сауықтыру лагеріндегі іс-шараларды үйлестіруге партияның аймақтық филиалы, облыс әкімдігі және оған қарасты білім, спорт, денсаулық сақтау басқармалары атсалысуда. Жалпы республика бойынша 1000 мектеп оқушысына шипажайлар мен спорттық-сауықтыру кешендеріне баруына жағдай жасалады» деп жазды А. Үмбетәлиев өз парақшасында.