Нұр-Сұлтан қаласының діни бірлестіктері ҚР Президентінің Жолдауын талқылады

Нұр-Сұлтан қаласының діни бірлестіктері ҚР Президентінің Жолдауын талқылады

Сондай-ақ қатысушыларға карантин шаралары аясындағы діни бірлестіктердің қызметі және діни ғимараттардағы келушілермен өтетін бұқаралық діни шаралардың ережелері түсіндірілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігің ресми сайты жазды.

Дін істері басқармасының бастамасымен елорданың діни бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылады.

Кездесуде баяндама жасаған Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Мирас Шекенов жолдаудың саяси, экономикалық және әлеуметтік маңыздылығы мен артықшылығын атап өтті.

Діни бірлестік басшылары жолдауға қатысты ойларын білдіріп, оны жүзеге асырудың жолдары мен мүмкіндіктері туралы ұсыныстарымен бөлісті.

Сонымен қатар кездесуде Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева қатысушыларға карантин шаралары аясындағы діни бірлестіктердің қызметі және діни ғимараттардағы келушілермен өтетін бұқаралық діни шаралардың ережелерін түсіндірді.

Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 54 діни бірлестік, 30 діни ғимарат жұмыс жасайды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес жұмысының аясында діни бірлестіктермен бірқатар жобалар жүзеге асырылады.

http://astana.gov.kz/kz/news/news/24366

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...