Жолдаудағы тапсырмаларды орындауға 2 трлн теңгеге жуық қаржы қарастырылып отыр

Жолдаудағы тапсырмаларды орындауға 2 трлн теңгеге жуық қаржы қарастырылып отыр

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәжілісінде Мемлекет басшысының жолдауда айтқан тапсырмаларын орындауға 2021 жылы 1,6 трлн теңге қарастырылып отырғанын айтты деп жазды  Azattyq Rýhy.

«Президенттің жолдауда берген тапсырмаларын орындауға биылғы республикалық бюджетте тиісті қаржы қарастырылған. Мысалы, тез салынатын 13 жаңа инфекциялық ауруханаға 30 млрд теңге жоспарланған. Үкімет резервінен табысы аз отбасылардың балалары үшін компьютерлік техника сатып алуға 70 млрд теңге бөлінді. Қазір 2020 жылғы бюджетті нақтылау аясында қосымша шығыстарды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді ол.

Бірінші вице-премьердің айтуынша, алдын ала есептеу бойынша биыл шамамен, 300 млрд теңге қосымша қаржы қажет болуы мүмкін. Бұл ретте медицина қызметкерлеріне қосымша үстемақы, дәрі-дәрмек сатып алу мен басқа да қажеттіліктер қамтылған.

«2021 жылдың бюджетінде Президенттің жолдауда берген тапсырмаларын орындауға 1,6 трлн теңге қарастырылған. Бірінші кезекте медицина қызметкерлерінің, мұғалімдердің еңбекақысын көтеру, шағын және орта бизнестің несие бойынша пайыздық ставкасын субсидиялау, республикалық маңыздағы жолдардың құрылысы, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасына, сондай-ақ басқа да бағыттарға арналған шығыстар ескерілген. Басқа тапсырмалар бойынша мемлекеттік органдармен шығыстардың көлемі нақтыланып жатыр», - деді бірінші вице-премьер.

https://azattyq-ruhy.kz/numbers/12717-zholdaudagy-tapsyrmalardy-oryndauga-2-trln-tengege-zhuyk-karzhy-karastyrylyp-otyr

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан қаласында Жастар ресурстық орталығының базасында маңызды кездесу өтті. Шара барысында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері...

2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны...