Нью-Йорк соты Храпуновтарға айыппұл салу туралы кезекті қаулы шығарды

Нью-Йорк соты Храпуновтарға айыппұл салу туралы кезекті қаулы шығарды

3 қыркүйекте Нью-Йорктің оңтүстік округі бойынша АҚШ округтік соты Ильяс пен Виктор Храпуновтарға қарсы сот өндірісінің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салу туралы кезекті қаулы шығарды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

«Судья Кэтрин Паркер Храпуновтар көптеген заңды міндеттемелерді бұзған, дәлелдемелерді әдейі жойған және кейбір дәлелдемелердің өз қолдарында жоқ екені туралы жалған жауап берген деген қорытындыға келді.

Сондай-ақ сот Храпуновтардың осы іс бойынша кейбір сот қаулыларын, соның ішінде Ильяс Храпуновтың құпия айғақтарды рұқсатсыз таратуға салынған тыйымды бұзғанын анықтады», - делінген ведомство хабарламасында.

Биылғы 3 қыркүйектегі шешім – соттардың Храпуновтар мен Аблязовқа қатысты құқыққа қайшы мінез-құлқы және сот өндірісінің тәртібін бұзғаны үшін айыппұлдар тағайындау туралы үстіміздегі жылғы мамыр айында және 2019 жылғы шілде айында шығарылған қаулылары қатарының жалғасы. Бұл қатарынан санағанда бесінші шешім.

Айыппұлдың нақты мөлшері талапкерлердің өздері жұмсаған сот шығындарының сомасын сотқа ұсынғаннан кейін белгіленеді.

ҚР Әділет министрлігі (Алматы қаласы әкімдігінің атынан) «БТА Банк» АҚ-мен (бұдан әрі - талапкерлер) бірлесіп, төрт жылдан астам уақыт бұрын Аблязовты, Храпуновтарды және олардың қылмыстық сыбайластарын ҚР-дан ұрланған ақшаны АҚШ-қа жылыстатты деген айыппен Нью-Йорктегі «Flatotel» сот қарауына бастамашылық жасаған.

Аблязов жалған несиелер беру арқылы БТА-дан миллиардтаған доллар ұрлаған. Ол үшін Аблязов Қазақстанда сотталып, Біріккен Корольдік соттарында кінәлі деп танылған. АҚШ-тағы сот қараулары барысында талапкерлер Аблязовтың қылмыстарын растайтын қосымша елеулі дәлелдемелерді жинады, сондай-ақ осы қылмыстардың жасалуын өз көзімен көрген көптеген куәлардың жауаптарын қамтамасыз етті.

«Талапкерлер ұсынылып жатқан дәлелдемелерге соттың жіті қарауын жоғары бағалайды. Аблязов, Храпуновтар және олардың сыбайластары сот процесінде адал ниетпен қатысудан бірнеше рет бас тартып, көптеген сот қаулыларын бұзған. Дәлелдемелердің бір бөлігін қасақана жойғанына қарамастан, олардың жасалған қылмыстарға қатыстылығын растайтын құжаттардың көлемі жеткілікті. Талапкерлер сол дәлелдемелерді Нью-Йорк алқабилер сотының назарына ұсыну мүмкіндігін асыға күтуде», - деп мәлімдеді ҚР Үкіметінің Консультанты – «Boies Schiller Flexner LLP» Серіктесі Мэттью Шварц.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...