2023 жылдың 3 наурызында Алматы қаласының Жастар Лофт-орталығында студенттік жатақханалар құрылысының жобалық офисінің ашылуы өтті, оған Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысты.
Жобалық офис жергілікті атқарушы органдарға, жоғары оқу орындары мен инвесторларға студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді жедел және жүйелі шешу үшін алаң ұсынады.
Жобалық офистің негізгі функциялары:
- жатақханалардағы студенттік орындардың тапшылығын шешу бойынша жоғары оқу орындарымен және инвесторлармен өзара әрекеттесу;
- құрылысқа жәрдем көрсету мәселелері бойынша Алматы қаласының жер қатынастары, қалалық жоспарлау және урбанистика, қала құрылысын бақылау басқармаларымен өзара әрекеттесу;
- жоғары оқу орындары мен әлеуетті инвесторлар үшін заңгерлік, консультациялық, сараптамалық және басқа да қызметтер көрсету.
Бүгінгі таңда Алматы қаласындағы студенттік жатақханалардағы жалпы төсек-орын тапшылығы – 32 мыңды құрайды.
Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде 12 мың төсек-орынға, ал 2030 жылға дейін тағы 20 мың орынға жатақхана салу жоспарлануда.
Студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмысты одан әрі жақсарту үшін ғылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Жобалық офис Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 22 мекенжайында орналасқан. Барлық сұрақтар бойынша Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасына хабарласуға болады – Дания Абдуллина (8 701 491 54 94).