Тоқаев 20 жыл бұрын қол қойылған Назарбаевтың Жарлығына өзгеріс енгізді

Тоқаев 20 жыл бұрын қол қойылған Назарбаевтың Жарлығына өзгеріс енгізді

Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 20 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55-ке көтерілді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2000 жылғы 3 сәуірде қол қойған мәдениет саласында мемлекеттік стипендия тағайындау туралы Жарлығына өзгеріс енгізді. Бұл туралы Ақорданың сайтында 7 қыркүйек, дүйсенбіде жарияланған қаулыда айтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін::

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын».

«Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі»,-делінген Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, Елбасының 2000 жылғы Жарлығына сәйкес, жоғарыда аталған стипендияның мөлшері 20 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 7 қыркүйек 

№ 404

https://azattyq-ruhy.kz/gov/12862-tokaev-20-zhyl-buryn-kol-koiylgan-nazarbaevtyn-zharlygyna-ozgeris-engizdi

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан қаласында Жастар ресурстық орталығының базасында маңызды кездесу өтті. Шара барысында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері...

2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны...