Шымкентте «Таза қала» акциясы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері А.Асқаров атындағы дендросаябаққа 100 түп ағаш отырғызды.
Этномәдени бірлестіктердің мүшелері Наурыз мерекесін ерекше қарсы алып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғыртуда. Наурыз — бейбітшілік пен достықтың, молшылықтың мерекесі.
Ұйымдастырушылар таң азаннан басталған қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі шараны кешке дейін жалғастыратын болады.
Айта кететін, бүгін қаладағы білім беру мекемелерінде балалар мен жастардың, педагогтар мен ата-аналардың қатысуымен домбыра челленджі ұйымдастырылды.
Шығармашылық топ Құрманғазының «Балбырауын», «Сарыарқа», «Адай» күйлерін күмбірлете орындады. Ұлттық өнерді насихаттау мақсатында өткен домбыра челенджіне қаладағы 2 мыңнан аса білім мекемесінен 21 мыңнан аса оқушы, студент, ұстаздардан құралған домбырашылар тобы қатысты. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында бір уақытта күмбірлеген домбыра үні ұлтымызды ұлықтап, мерекелік әсер сыйлады.
Наурыз – әлемдегі ең көне мейрамдардың бірі. Орта Азия елдері оны 5000 жылдан аса уақыт атап өтіп келеді. Наурыз мейрамы заманауи діндер мен көптеген мемлекеттер пайда болғанға дейін шамамен 5 мың жыл бұрын пайда болды.
Бұл ежелгі мереке күнәдан тазару, киім-кешектерді тазарту, үйді тазарту, жамандықтан және өшпеділіктен тазару мерекесі ретінде атап өтіледі. Ол адамдарды басқалардың күнәлары мен жамандықтарын кешіруге шақырады. Сондай-ақ, бұл күні шығыс елдері екі арадағы кез-келген соғысты тоқтатқан. Ал қазақ ақсақалдары мерекеде араздасқан ру-тайпалармен татуласатын болған.
2010 жылғы 19 ақпандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сессиясында «Әлем мәдениеті» бағдарламасының 49-тармағына сәйкес «Халықаралық Наурыз мерекесі» деп аталатын қарар қабылданды. Сөйтіп, мереке БҰҰ-мен мойындалды.