«Наурыз –тазалық пен қоршаған ортаға қамқорлық мерекесі» кешенді іс шарасы аясында ұйымдастырылған сенбілікке 1 мыңнан астам тұрғын қатысып, қала тазалығына атсалысты.
Олардың арасында қаладағы 37 мемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, студент жастар бар. Көпқабатты үйлердің тұрғындары да бүгін аулаларын тазартып, тал-дарақтарды әктеп, қаланы көріктендіруге үлес қосты.
Жалпықалалық сенбілікке қатысқан көпшілік аумақтарды абаттандырып, саябақтар мен гүлзарларды, тратуарларды қоқыстан тазартты. Жұмылдырылған 80 техниканың көмегімен барлығы 200 текше метр қоқыс қала сыртына шығарылды.
Көктемгі жауын-шашынның салдарынан су шаю қаупін алдын алу мақсатында қалада ирригациялық жүйелерді тазарту жұмыстары қарқын алды.
Қазір Сайрам тұрғын алабында орналасқан Ұлық, Ұлық-2, Қызылсу, Құралас, Ханка су арналарын қолмен тазалау жұмыстары жүргізілуде.Нәтижесінде осы су арналарынан күніне 45 куб, 10 күнде 450 куб тұрмыстық қалдықтар мен күл қоқыстар шығарылды. Тазалық жұмыстарына арнайы бригадалар мен техникалар жұмылдырылды.
Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы қызметкерлері мен төтеншеліктер Тұран, Қазығұрт шағынаудандарында газ тұтыну қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ бұл шараға санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының еріктілері қатысып, тұрмыстық газды пайдалану барысында аттестатталған, мамандандырылған мекемелермен шарт жасау туралы жадынамалар таратты.
Туындаған сұрақтар бойынша
Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына көрсетілген телефон нөмірлері 8 (7252) 24-75-07, 8701 333 40 15 (WhatsApp) және instagram – gask.shym. Facebook – ГАСК Шымкент әлеуметтік желілері арқылы жауап алуға болады.