АУДАРЫСПАҚ ҰЛТТЫҚ СПОРТЫ ЖАСТАРДЫ КҮШТІЛІК ПЕН ТӨЗІМДІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕЙДІ

АУДАРЫСПАҚ ҰЛТТЫҚ СПОРТЫ ЖАСТАРДЫ КҮШТІЛІК ПЕН ТӨЗІМДІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕЙДІ

Аударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі (екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады).
Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады. Ал дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз спортшылар үшін бұл өте қиын. Сондықтан қазіргі тәртіп бойынша сайысқа 18 жасқа толғандар ғана қатынастырылады. Сайысқа қатынасушылар үш салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспақ салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспаққа салмақтың категорияны енгізудің мақсаты — қатынасушыларға неғұрлым теңдік жағдай туғызу. Оны спорттың сайыстың бір түріне айналдыру үшін бір-біріне тең келетін салмақтық категорияны көбейту дүрыс. Бұл категорияға бөлу соңғы кезде қалыптасты. Ертеде кез келген тілек білдіруші өз еркімен қатынаса беретін болған. Амал қанша, спорттық жарыстарда сол үш категорияның өзі де көбіне әлі де сақтала бермейді. Спорттың бұл түрінің дамуымен бірге, сөз жоқ оның салмақтық категориясы да көбейе, кеңейе беретіні күмәнсіз.
Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп шығады. Сайып келгенде, аударыспақта негізгі рольді ат пен ойыншы жігіттер атқарады. Оспадарлық, жұла қашу, салып қалу, қол қайыру сияқты айла-амалдарды қолдануға болмайды. Аударысу ат пен жігіттің үндескен қимыл-бірлестігіне сүйене отырып, күш-жігердің басымдығын көрсететін қалыпты, байсалды шеберлікке үласып жатуы шарт.
Аударыспақ ұлттық спорты бойынша АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ қортындысы:
60 келі салмақта:
1-орын Серғазин Азамат, Ақтөбе облысы.
2-орын Данай Бекзат, Шымкент қаласы.
3-орын Бектұрғанұлы Орынбасар, Жамбыл обл.
3-орын Турдубеков Жекшенбек, Қырғызстан.
70 келі салмақта:
1-орын Ержанов Шыңғысхан, Ақтөбе облысы.
2-орын Ләтіпбек Алмат, Түркістан облысы.
3-орын Райхан уулу Бактығұл, Қырғызстан.
3-орын Пернебек Еламан, Шымкент қаласы.
80 келі салмақта:
1-орын Өткелбай Дарын, Түркістан облысы.
2-орын Бекуыс Берік, Шымкент қаласы.
3-орын Ғалел Рамазан, Ақтөбе облысы.
3- орын Бузурманкул уулу Калыбек, Қырғызстан.
90 келі салмақта:
1-орын Рахматілла Есімхан Түркістан облысы.
2-орын Сүйеубаев Алтай Ақтөбе облысы.
3-орын Тезекбаев Мұрат, Алматы облысы.
3-орын Оспанов Нұрболат, Шымкент қаласы.
90 келіден жоғары салмақта:
1-орын Сағымбаев Арман Ақтөбе облысы.
2-орын Қосалиев Біржан Түркістан облысы.
3-орын Бекбосынов Ербұлан, Шымкент қаласы.
3-орын Қосымбек Аятбек, Шымкент қаласы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...