БӘЙГЕ – ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҢ ІШІНДЕГІ ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ

БӘЙГЕ – ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҢ ІШІНДЕГІ ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ

Бәйге жарысы - халық арасында ең көп тараған ат спорты. Сонымен қатар, тарап қоймай сүйіктісіне айналған ұлттық спорттың түрі. Жалпы жаңа ипподромда халықтың басым көпшілігі бәйге жарысын тамашалады.
Бұрын бәйгеге қосылған аттар түстік, күндік жерге, ұзақ қашықтықтарға шабатын (қ. Аламан бәйге). Көбінесе, қашықтық төрешілер алқасының шешімі бойынша бәйгеалаң (ипподром) айналымының ұзындығына байланысты белгіленеді. Бәйгеге мал дәрігерінің қарауынан өткен аттар жіберіледі. Жарысқа қатысушылардың кеудесіне және арқасына нөмірлер тағылады; шабандоз жеңіл, ыңғайлы, белгісі бар ұлттық киім киеді. Аттың ер-тұрманында, шабандоздың киімінде адам жарақаттанатындай заттар болмауы тиіс. Бәйгеге қатысушы атын оздыру үшін өзі білетін, ережеде рұқсат етілген тәсілдердің бәрін қолдануына болады. Ал қатарласып келе жатқан атқа қамшысын тигізуге немесе қамшысын үйіріп басқа аттарды жасқауға, айқайлауға, ысқыруға, жарыс жолынан шығып кетуге, оның айналмаларынан төтелеп өтуге болмайды. 1-ші орын мәреге атының тұмсығы бірінші іліккен шабандозға, қалған орын аттардың келу ретіне қарай беріледі. Қазақ халқы Бәйге аттарын ерекше күтімге алған. Құлагер, Ақбақай, Маңмаңгер сияқты сәйгүліктерді ән-жырға қосқан. Бәйге жарысы 5 түрінен өтті.
Ұшқыр бәйге 2 жас 1 шақырым:
1-орын Жусупов Даурен, Жамбыл облысы.
2-орын Құсайынов Еділ, Жамбыл облысы.
3-орын Табылдиев Рамазан, Алматы облысы.
Ұшқыр бәйге 3 жас 1,4 шақырым:
1-орын Абдыхамит Олжас, Алматы облысы.
2-орын Табылдиев Рамазан, Алматы облысы.
3-орын Құрашбек Дидарбек, Алматы облысы.
Құнан бәйге 8 шақырым:
1-орын Иранов Нуриэль, Шымкент қаласы.
2-орын Айдаралы Бағжан, Жамбыл облысы.
3-орын Тұрмыс Абзал, Алматы облысы.
4-орын Жақсылық Нұрдаулет, Жамбыл облысы.
5-орын Жорабек Бекнұр, Шымкент қаласы.
Топ бәйге 12 шақырым:
1-орын Туғанбек Абзал, Алматы облысы.
2-орын Асанқұлов Байхан, ШҚО.
3-орын Бибосын Бекарыс, Жамбыл облысы.
4-орын Мұратхан Айқан, Алматы облысы.
5-орын Әуесханова Дамир, Қызылорда облысы.
Аламан бәйге 18 шақырым:
1-орын Айтқабыл Қабыл, Шымкент қаласы.
2-орын Нұрмахан Ділнұр, Алматы облысы.
3-орын Серік Бектұр, Жамбыл облысы.
4-орын Темірбек Ақниет, Жамбыл облысы.
5-орын Иранов Нуриэль, Шымкент қаласы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...