600-ГЕ ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ СУБСИДИЯСЫН АЛҒАН

600-ГЕ ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ СУБСИДИЯСЫН АЛҒАН

Тұрғын үй субсидиясы пәтер жалдап тұратын отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмек. Бағдарлама іске қосылғалы 572 отбасының тұрғын үйді жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленуде.
Бұл көмек түрін 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы отбасылар ала алады.
Субсидия отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 6 айдағы орташа жиынтық табысының ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 40 567 теңге) аспаған жағдайда беріледі.
Үміткердің депозиттік шоты болуы қажет. Жинақ шоты жоқ азаматтар бейнебанкинг қызметі немесе «Otbasy bank» мобильді қосымшасы арқылы шот аша алады.
Субсидия алуға өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен www.otbasybank.kz сайтында онлайн қабылданады.
Биыл Шымкентте 73 азамат қайтарымсыз тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды. Оның ішінде көпбалалы отбасылар-17, ерекше бала асыраушы отбасылар – 54, толық емес отбасылар саны- 2. Қазіргі таңда тұрғын үй сертификатына өтінімдер қабылдау жүргізілуде.
Қайтарымсыз 1 млн. теңге әлеуметтік көмек ретінде өтініш берушінің және отбасы мүшелерінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен соңғы 6 ай ішінде орташа табысы 125 757 теңгеден аспаған жағдайда беріледі. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.
Сертификатқа «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үй алған азаматтар банктен мақұлдау алғаннан кейін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу барысында өтінім жолдай алады.
Өтініш www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылданады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ