ҰҢҒЫМАЛАРҒА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҰҢҒЫМАЛАРҒА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты саябақтарда , гүлзарлар мен серуен аймақтарында және қала аумағындағы магистральды көшелерде көгалдандыру мақсатында салынған ұңғымаларға бақылау жұмыстары жүргізілді.
Қаратау ауданынының аумағындағы саябақтар мен айналма жолдарды жасыл желекке айналдыру мәселелері қозғалып, Бәйдібек би көшесінің бойында орналасқан Этносаябақтың ағаштарын қайта қалпына келтіру, дәрілеу, өсінділерді күйік шалудан, зиянкестерден қорғау мақсатында әктеу жұмыстарын жүргізу барысы қадағаланды.
Сонымен қатар қала аумағына ұңғымалар салу, гүлдендіру, көгалдандыру, газондарды ретке келтіру секілді жұмыстарды атқаратын жауапты мердігер мекеме басшыларымен кездесу өткізіп бірқатар тапсырмалар берілді.
Еске салар болсақ, Шымкентте «Таза қала» акциясы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері А.Асқаров атындағы дендросаябаққа 100 түп ағаш отырғызды.
Этномәдени бірлестіктердің мүшелері Наурыз мерекесін ерекше қарсы алып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғыртуда. Наурыз — бейбітшілік пен достықтың, молшылықтың мерекесі.
Ұйымдастырушылар таң азаннан басталған қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі шараны кешке дейін жалғастыратын болады.
Сондай-ақ, жыл соңына дейін аудандағы 12 көше жарықтандыру жүйелеріне қосылады. Бірінші кезекте шағынаудандардағы әлеуметтік нысандар орналасқан және қоғамдық көліктер қатынайтын орталық көшелер жарықтандырылады. Бұл жұмыстар: 112 орам, Жаңаталап, Отырар, Самал, Қазығурт,Актас шағынаудандарында жүргізіледі.
Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында 2021-2023 жылдар аралығында 312 көшені жарықтандыру жоспарланып, бұл бағытта тиісті келісім шарттар жасалды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ