ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛУДЕ

ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛУДЕ

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты қоқыс Полигонына басқарма басшысы мен басшы орынбасары тарапынан бақылау жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда көму жұмыстарының бірінші қабаты толық аяқталып , екінші қабатына өтіп, жалпы жұмыстың 50%-ы аяқталуға жақын. Сорттау жұмыстары да қарқынды түрде жүзеге асуда.
Аталған жұмыстарға жалпы саны 13 техника (1 экскаватор, 2 жүк артушы, 2 жүк тасымалдаушы, 4 камаз, 4 бульдозер) күнделікті жұмылдырылуда.
Сондай-ақ, тазалық жұмыстары «Наурыз –тазалық пен қоршаған ортаға қамқорлық мерекесі» кешенді іс шарасы аясында ұйымдастырылған сенбілікке 1 мыңнан астам тұрғын қатысып, қала тазалығына атсалысқан болатын.
Олардың арасында қаладағы 37 мемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, студент жастар бар. Көпқабатты үйлердің тұрғындары да бүгін аулаларын тазартып, тал-дарақтарды әктеп, қаланы көріктендіруге үлес қосты.
Жалпықалалық сенбілікке қатысқан көпшілік аумақтарды абаттандырып, саябақтар мен гүлзарларды, тратуарларды қоқыстан тазартты. Жұмылдырылған 80 техниканың көмегімен барлығы 200 текше метр қоқыс қала сыртына шығарылды.
Бүгінде қала аумағындағы 400-ден астам магистральды жолдар үздіксіз тазалануда. Әр ауданға қарасты су шаю қаупі бар аумақтар қатаң бақылауға алынды. Қауіпті орындарда кезекші бригадалар бекітілді.
Қаладағы тазалау және су тарту жұмыстарына 500-ден астам жұмысшы, 40 тан астам техника жұмылдырылған. Мердігер мекемелердің көше бойындағы аялдамаларды қоқыстан тазарту, жолдарды механикалық жуу сияқты жұмыстарды сапалы орындауы жауаптылардың қадағалауында.
Көктемгі жауын-шашынның салдарынан су шаю қаупін алдын алу мақсатында қалада ирригациялық жүйелерді тазарту жұмыстары қарқын алды.
Ақпан айында Сайрам тұрғын алабында орналасқан Ұлық, Ұлық-2, Қызылсу, Құралас, Ханка су арналарын қолмен тазалау жұмыстары жүргізілген болатын.Нәтижесінде осы су арналарынан күніне 45 куб, 10 күнде 450 куб тұрмыстық қалдықтар мен күл қоқыстар шығарылды. Тазалық жұмыстарына арнайы бригадалар мен техникалар жұмылдырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ