ҚАУІПТІ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ТІРКЕУ ЖӘНЕ ТІРКЕУДЕН ШЫҒАРУ ҚЫЗМЕТІ ҚАЛАЙ КӨРСЕТІЛЕДІ?

ҚАУІПТІ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ТІРКЕУ ЖӘНЕ ТІРКЕУДЕН ШЫҒАРУ ҚЫЗМЕТІ ҚАЛАЙ КӨРСЕТІЛЕДІ?

Қауіпті техникалық құрылғыларды тіркеу және тіркеуден шығару» (лифттерді) мемлекеттік қызметін Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының тұрғын үй инспекциясы бөлімі көрсетеді.
Лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын ҚР Инвестициалар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығымен бекітілген «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалангу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» сәйкес жүргізеледі.
Сондықтан бекітілген Ереженің талаптарына байлданысты лифтіні іске қоспас бұрын көтергіш механизмнің иесі (сертификатталған орнатушы) толық техникалық құжаттаманы ұсынылуы тиіс.
Барлық ұйымдастыру іс-шаралары жүргізілгеннен кейін ғана мемлекеттік тіркеуге өтінім беріледі. Тіркеу мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарына сәйкес Е-gov платформасында электрондық форматта жүзеге асырылады. Яғни, әрбір лифт, эскалатор немесе фуникуляр мемлекеттік бақылауда.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңға сәйкес, Лифттің сақталуына және дұрыс пайдалануға көпқабатты үйдің тұрғындары жауап береді. Ал, сервистік қызмет көрсетуші мекемелер лифтілерге және көтергіш механизмдерге техникалық қызмет көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет egov.kz порталы арқылы электронды түрде ұсынылады
Мерзімі – 3 күн.
Қызмет-тегін.
Құжаттар тізбесі:
1) қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы өтініш;
2) қауіпті техникалық құрылғы паспортының электрондық көшірмесі.
Қауіпті техникалық құрылғыларды есептен шығару үшін:
1) қауіпті техникалық құрылғыны есептен шығару туралы өтініш;
2) қауіпті техникалық құрылғы паспортының электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, қосымша ақпарат алу үшін Шымкент қаласы Н. Назарбаев даңғ., 10.
Байланыс телефоны: 8 (7252) 24-75-07.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ