«Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» фронт-офисі «бір терезе» қағидаты әдісімен кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетеді.
Орталық 3 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Мамандар бизнес өкілдеріне кеңес беріп, жобаларды сүйемелдейді, маркетингтік зерттеулер мен талдаулар жүргізеді.
2020 жылы іске қосылған Фронт-офисте 12 282 консультация, 1 217 жобаларды сүйемелдеу, 539 маркетингтік қызмет, 14 аналитикалық зерттеу қызметтері көрсетілді.
Шымкентте жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 34 пайызды құрайды. 69 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісінде 163 мыңнан аса адам жұмыс істейді.
2025 жылға дейін шағын және орта бизнес субъектілерінің санын 100 мың бірлікке дейін, шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар санын 190 мың адамға дейін, өңірлік өнімдегі үлесін 40 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ол үшін осы жылы «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында бөлінетін қаржыны 2 есеге ұлғайтып, 6,9 млрд.теңге бағытталды. 2025 жылға қарай бағдарлама шеңберінде бөлінетін қаражат көлемін 25 млрд. теңгеге дейін ұлғайту мақсат етілген.
Ал, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 55 жобаға 816,1 млн. теңге бөлінді. Шағын және орта бизнеске екінші деңгейлі банкттер тарапынан 17,8 млрд.теңге несие берілді.
Кәсіпкерлерге оңтайлы жағдай жасау үшін «Кәсіпкерлерге арналған Үкімет» фронт-офисі жұмыс істеуде. 2022 жылдың қорытындысы бойынша фронт-офистің көмегіне 2325 кәсіпкер жүгінген.
Фронт-офис жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма), сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Кеңсе мекенжайы: Ерімбетов көшесі, 304Г, «Заңғар» бизнес орталығы.