Шымкент қаласындағы «Жүрек» орталығында жылдан жылға жоғары технологиялық оталар саны артуда.
Былтыр емдеу орталығында 555 науқастың жүрегіне ашық түрде ота жасалған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 100 адамға артық.
Сондай-ақ былтыр тамыз айында кардиология бағыты бойынша медициналық ұйымда ахуалдық орталық ашылған.
Айта кететін, Шымкенттің фармацевтикалық кәсіпорындары былтырғы жылы 58 млрд. теңгенің препаратын өндірді. Бүгінде елімізде шығарылатын дәрілік заттардың жалпы көлеміндегі мегаполис үлесі – 35,7%-ды құрайды. 6 міндет пен 39 іс-шараны іске асыруды қамтитын Жол картасын орындау мақсатында жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.
Сондай-ақ, қаладағы №1 және №2 оңалту орталықтарында 18 жасқа дейінгі балаларға бастапқы медициналық қалпына келтіру және оңалту емдері жүргізіледі. Бұл мекемелерде мультитәртіпті команда жұмыс істейді. Реабилитологтар, дене шынықтыру нұсқаушылары, эрготерапевттер, психологтар, логопедтер, дефектологтар, әлеуметтік және түзету педагогтері, ойын және музыка терапевттері, монтессори-терапия мамандары кешенді ем шараларын жүргізеді.
Тағы айта кететін, жергілікті медицина қызметкерлері заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеріп, тәжірибеге енгізу мақсатында жоспарға сай білім-біліктіліктерін арттырып отырады. Бүгінде бұл мақсатта Германия, Франция, АҚШ, Ресей, Италия, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінің дәрігерлерімен әріптестік байланыс орнатылған. Тәжірибе алмасу шараларының нәтижесінде науқастардың жағдайы жақсарып, ем-шаралар алуы жеңілдей түскені байқалады.
Бүгінде қаладағы емдеу мекемелерінде медицина қызметкерлерінің саны 15256 адам, оның 4760-сы дәрігерлер, 10496-ы орта медицина қызметкерлері. Былтырғы жылы 6 мыңнан астам медицина маманы біліктілігін арттырып, емдеудің тың тәжірибелерін меңгерген. Бұл бағыттағы жұмыстар жоспар аясында биыл да жалғасатын болады.
Орталық кардиология саласындағы мамандандырылған қызметтердің жұмысына жедел мониторинг жүргізіп, емдеу жұмыстарын жақсартуға мүмкіндік берді.
Бұл бағытта 44 амбулатория мен 3 ауруханада кардиологиялық кабинеттер ашылды.
Осыған дейін мұнда созылмалы жүрек аурына шалдыққан 8 науқасқа LVAC аппаратын орнату операциясы жасалған. Бұрын мұндай опрерациялар Астана қаласында жасалатын.
Мекен-жайы: Шымкент қаласы А.Байтұрсынов көшесі, 11 Жүрек орталығы.