Спорт мекемелерінің және жан басына шаққандағы спорттық секцияны қаржыландыру бойынша Абай ауданында 46 мекенжайда, Әл-Фараби ауданында 49 мекенжайда, Еңбекші ауданында 35 мекенжайда, Қаратау ауданында 59 мекенжайда, Тұран ауданында 48 мекенжайда спорттық секциялар жұмыс істейді.
Спорт кешендері, стадиондар, футбол манеждері, фитнес-тренажер залдары бойынша Абай ауданында 14, Әл-Фараби ауданында 37, Еңбекші ауданында 8, Қаратау ауданында 34, Тұран ауданында 33 спорттық нысан бар.
Бұқаралық спорттың жағдайы мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына байланысты екені белгілі. Қалада статистикалық есеп бойынша 1075 спорттық нысан жұмыс жасауда (оның ішінде: дене шынықтыру және спорттық мәндегі-520, білім мекемелерінде-503, спорт мекемелерінде-52. Жалпы спорт нысандарының- 149 жеке меншікте).
2023 жылдың ақпан айында қаламызда «Үстел теннисі спорт кешені» пайдалануға берілді. Ал жыл соңына дейін демеуші есебінен Жаңа ипподром құрылысы мен «SPORT LIFE» футбол орталығының құрылысы, бюджет есебін «Металлург» стадионының, №12 спорт мектебінің қосымша корпусының, №20 спорт мектебінің спорт кешенінің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.
Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың саны жалпы халықтың 50% -ын қамту көрсеткіші бекітілген. 2022 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 458 852 адамды, яғни, қала тұрғындарының 42%-ын құрады.
Сондай-ақ, 2022 жылғы жоспар бойынша мегаполис халықының 1000 адамға арналған спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу көрсеткішін 51%-ға жеткізу болатын, жыл қорытындысы бойынша аталған көрсеткіш 59,9 %-ға асыра орындалды.