Мереке күндері балалар мен жасөспірімдер бірінші кезекте жұмсақ балмұздақты тұтынатынын және сапасыз болған жағдайда өнімнен улану жағдайына алып келуі мүмкін.
Шымкент қаласында 2018 жылы жұмсақ балмұздақтан жаппай улану жағдайы орын алып, көптеген адамдардың денсаулығына зиянын тигізді. Сол себепті, нысандарыңыздың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуын және бұзушылықтарға жол берілмеуін жіті қадағалау қажеттігін ескертеміз!
Бұл – өте жауапты жағдай. Сонымен қатар, жуу, тазалау және залалсыздандыру құралдарының болуына, пайдаланылуына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласымен жұмсақ балмұздақ сататын нысандарға тексеру тек арыз-шағым негізінде, оның үстіне дәлелді нақты фактілер болғанда ғана жүргізіледі.
Сондықтан, тұрғындардан жұмсақ балмұздақты тұтынар алдында аса сақ болуды керек, өйткені мұндай өнімдер тез бұзылады. Жұмсақ балмұздақ сатып аларда, нысанның санитариялық жағдайы сізге ұнамаса немесе күдік туғызса, өнімді сатып алудан бас тартқаныңыз жөн.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтау мереке күндерінде тамақтан уланудың алдын алады.
Тағамнан улану белгілері пайда болған жағдайда, дереу дәрігерге медициналық көмекке жүгіну қажет екенін есте сақтау керек!
Мереке қарсаңында тамақтан уланудың алдын алу үшін бірқатар кеңестерді ұсынамыз.
- жаңадан дайындалған тамаққа кешеден қалған тамақты араластырмау. Егер тамақ келесі күнге қалса, оны алдын ала қайнатып немесе қуырып жеу қажет;
- егер өзіңіздің ауырғаныңызды сезінсеңіз (іш ауруы, өтуі, жүректің айнуы), отбасыңызға және қонақтарға тамақ дайындамаңыз;
- көкөніс пен жеміс-жидектерді ағынды сумен мұқият жуыңыз, мүмкіндігінше қайнаған сумен шаю қажет;
- тамақ өнімдерін олардың жарамдылық мерзімін ескере отырып сақтаңыз;
- дайындалған тамақты бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмаңыз;
- ет, құс, жұмыртқадан тез бұзылатын тағамдар, сондай-ақ паштеттер, аспаздық өнімдер, кремі бар кондитерлік өнімдер, салаттарды дайындағаннан кейін бірден қолдану қажет;
- тіпті тоңазытқыштың өзінде ұзақ уақыт бойы тамақ пен азық-түлікті сақтамаңыз;
- үйде консервіленген өнімдерді базарлардан, белгісіз сауда орындарынан, көшеден сатып алмаңыз.