ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРДЕ ЖАН БАСЫНА ТӨЛЕНЕТІН СУБСИДИЯ МЕКТЕП ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН БАРЛЫҚ УАҚЫТТА ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРДЕ ЖАН БАСЫНА ТӨЛЕНЕТІН СУБСИДИЯ МЕКТЕП ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН БАРЛЫҚ УАҚЫТТА ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Жалпы жаңа мектеп құрылысы үшін 1 оқушыға жылына 96 АЕК, мектепті реконструкциялау үшін 1 оқушыға жылына 47 АЕК мөлшерінде субсидия төленеді. Бұл төлем түрі 8 жыл көлемінде жүргізіледі. Ал, жан басына шаққандағы норматив бойынша - бір оқушыға жылына орта есеппен 590 000 теңге субсидия төленеді. Бұл төлем мектеп жұмыс істеп тұрған барлық уақытта жүргізіледі.
Яғни, кәсіпкер жаңа жекеменшік мектепте 8 жыл ішінде бір оқушы үшін 2 649 600 теңге және жан басына шаққандағы норматив бойынша бір оқушыға 4 720 000 теңге қаржылық көмек ала алады.
Сонымен қатар, кәсіпкер ғимаратты жекеменшік мектепке реконструкциялау үшін 8 жыл ішінде бір оқушыға 1 297 200 теңге және бұған қоса бір оқушыға 4 720 000 теңге жан басына шаққандағы норматив төленеді.
Мысалы 100 орындық жекеменшік мектеп салу кезінде мемлекет 8 жыл ішінде кәсіпкерге ғимараттың амортизациясы үшін 264 млн. 960 мың теңге және жан басына шаққандағы норматив 472 млн. теңге төлейді.
100 орындық жекеменшік мектепті реконструкциялау кезінде мемлекет 8 жыл ішінде кәсіпкерге ғимараттың амортизациясы үшін 129 млн. 720 мың теңге және жан басына шаққандағы норматив 472 млн. теңге төлейді.
Бұл ретте, мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер аяқталғаннан кейін объект кәсіпкердің меншігінде қалады.
Құрылыс/реконструкция үшін төлемдер 8 жыл ішінде ай сайын 9 ай бойы, ал жан басына шаққандағы нормативтер мектеп жұмыс істеп тұрған уақыт бойы төленеді.
Шымкент қаласы бойынша орта білім беру нысандарын салу жөнінде Жол картасы жасалады. Ұлттық жоба аясында қалада 25 мектеп салынады, биыл – 12, келесі жылы 13 ғимараттың құрылысы жүргізіледі.
Қазір қалада үш ауысымды 4 білім ошағы бар. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін ғимараттар есебінен бұл мәселе түбегейлі шешіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...