ЖАҢА МЕКТЕП САЛУ НЕМЕСЕ ҒИМАРАТТЫ ЖАҢА МЕКТЕП РЕТІНДЕ РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ ҮШІН МЕМЛКЕТ ТАРАПЫНАН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ СУБСИДИЯ ТӨЛЕНЕДІ

ЖАҢА МЕКТЕП САЛУ НЕМЕСЕ ҒИМАРАТТЫ ЖАҢА МЕКТЕП РЕТІНДЕ РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ ҮШІН МЕМЛКЕТ ТАРАПЫНАН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ СУБСИДИЯ ТӨЛЕНЕДІ

Кәсіпкерлерге жаңа мектеп салуда және оның жұмысын жүргізуде мемлекет тарапынан қаржылық қолдаулар көрсетілуде. Бұл ретте ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ осы бағдарламаның оператор болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық өңірлері үшін мектеп санының жетіспеушілігі өзекті мәселе болып отыр. Оның ішінде Шымкент қаласы мектептердегі оқушы орнының тапшылығы жағынан үшінші орында тұр. Яғни, үшінші мегаполисте 27 931 оқушыға орын жетіспейді.
Бағдарламаның операторы «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады және бағдарламаға қатысу үшін жерге құқық белгілейтін, сәйкестендіру құжаттарымен, заңды тұлғаның болуы туралы құжаттармен алдын-ала келісімшарт жасасуға өтінім беру жеткілікті.
4 серіктес банкпен жұмыс жасайды:
Халық банк – 9% + 7 %-ға дейін мемлекеттік сыйақы (колл-центр:7111);
Jysan Bank – 8.3 % + 7 %-ға дейін мемлекеттік сыйақы (колл-центр:7711);
ВТБ банк - 9% + 7 %-ға дейін мемлекеттік сыйақы (колл-центр:5050);
Nurbank - 8.8 % + 7 %-ға дейін мемлекеттік сыйақы (колл-центр:2552);
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Маулен Айманбетов пен тиісті сала басшылырының қатысуымен өткен жиында мектеп құрылысы үшін жер телімдерін ресімдеу, инженерлік желілерді жобалау, құрылыс компанияларына қойылатын біліктілік талаптары пысықталды. Сондай-ақ, отырыста ұлттық жобаны іске асыруда жергілікті отандық материалдардың пайдаланылуы, оқушылар үшін қауіпсіз орта құру қажеттілігі ерекше атап өтілді.
Шымкент қаласы бойынша орта білім беру нысандарын салу жөнінде Жол картасы жасалады. Ұлттық жоба аясында қалада 25 мектеп салынады, биыл – 12, келесі жылы 13 ғимараттың құрылысы жүргізіледі.
Қазір қалада үш ауысымды 4 білім ошағы бар. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін ғимараттар есебінен бұл мәселе түбегейлі шешіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...