БИЫЛ 12 ТУРИСТІК НЫСАН АШЫЛАДЫ

БИЫЛ 12 ТУРИСТІК НЫСАН АШЫЛАДЫ

Климаты мен географиялық орналасуы қолайлы болып табылатын үшінші мегаполисте биыл 12 жаңа туристік нысан ашылады. Бұл әлеуеті жоғары Шымкент қаласының аймақтағы ірі туристік орталықтардың бірі ретінде қалыптасуына септігін тигізіп, кең мүмкіндіктерге жол ашады.
Туризм саласындағы бұл инвестициялық жобалар - «Diamond Hotel», «Barsa», «Таукехан Plaza», «Cosmopolitan Hotel», «7Jol» сияқты жайлы қонақ үйлер мен демалыс кешендері бой көтеріп, іске қосылады.
Жобаларды жүзеге асыру құны 9 млрд теңгені құрайды. Ашылатын жұмыс орындарының саны – 402 адам.
Өткен жылы қаламызда «Пана», «Дора», «Grand Villa Hotel», «Wind hotel», «Big rooms», «Graf» қонақ үйлері сынды 6 жоба жүзеге асырылып, 145 адам жұмыспен қамтылған болатын.
Бұл жұмыстар саланың дамуы мен қаламыздағы орта және шағын бизнестің өркендеуіне оң әсер етіп, тұрақты табыс көзі мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Айта кететін, қалада тұрмыстық қалдықтар мәселесі әлі күнге өзекті. Мұрат Әйтенов басқарма басшысына халықтың экологиялық мәдениетін арттыруда, тұрмыстық қалдықтарды жүйелі жинастыру бойынша кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды.
«Биылдан бастап әр ауданға 10 экологиялық полиция қызметкері бөлінеді. Құзырлылар жергілікті тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыру бойынша тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл шаралар қоршаған ортаны таза ұстауға, экологияны жақсартуға мүмкіндік береді» - деді қала әкімі.
Сондай-ақ қоқыс шығаратын компаниялардың жұмысын қатаң қадағалауды ескертті. Мұрат Дүйсенбекұлы басқарма басшысына алдағы уақытта бөліп төлеу әдісі арқылы жер үйлерге де тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған арнайы контейнерлер орнату бойынша компаниялар тарапынан тиімді ұсыныстар дайындауды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...