ЭТНОАУЫЛДА АМАЛ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

ЭТНОАУЫЛДА АМАЛ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгін шымкенттіктер Көрісу күнін атап өтіп жатыр.
Таңертең Астана алаңынан бастау алған мереке Shymqala этноауылында жалғасын тапты.
Игі шарада қала тұрғындарымен бірге қалалық мәдениет мекемелерінің қызметкерлері мен білім басқармасының мамандары бір-бірімен көрісіп, отбасына мереке мен береке тілеп, аман-саулық сұрасты.
– Бүгін мәдениет қызметкерлері қаланың адам көп шоғырланатын орындарында көрісу мерекесін ұйымдастырып, қала тұрғындарын айтулы күнмен құттықтап жатыр. Алдымызда ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі.
Қаламызда наурызды тойлау бүгіннен бастау алып отыр. Ұлыстың ұлы күнінде ағайынмен қол алысып, кеуде қағысып, көрісіп жатырмыз. Барша жиылған қауымды амал мерекесімен құттықтаймын! – деді Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Шәкеев.
Амал мерекесінің Көрісу күні - халқымыз үшін қасиетті күн. Дәл осы күні адам баласының жасына бір жас қосылады деген сенім де бар.
Күні кеше қалалық әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, әлеуметтік желілерде «Наурыз нақыштарын насихаттайық» челленджін бастап, жастарға көрісу күнін кеңінен насихаттаған.
– Қала жастары арасында көрісу күні жайлы білмейтіндер де бар екен. Бұл күннің маңыздылығына қанық болған жастар іс-шараларымызға белсенді атсалысты.
Орталығымыздың мамандары қаланың ерікті жастарымен бірге ымырт түсе түнгі ауысымда жұмыс істейтін еңбекші жастарға «Ұйқы-ашар» дәмін таратты.
Қаратау аудандық полиция басқармасы, қаладағы өрт сөндіру мекемелері мен ауруханаларды аралап, мерекелік дәмнен үлестіріп, құттықтадық, – дейді қалалық Салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығының ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі Гүлшат Жаханқызы.
Мерекелік жиын этно-фольклорлық концертке ұласып, ән мен жырдан шашу шашылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...