УЛЫ ГАЗДАН САҚТАНЫҢЫЗ!

УЛЫ ГАЗДАН САҚТАНЫҢЫЗ!

Соңғы кездері қала аумағында газға улану жағдайларының саны артты.
Ал, мұндай жағдайлар тұрмыстық, коммуналды тұтынушыларының газ тұтыну жүйелерін және газ жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігін сақтамауынан орын алып отыр.
Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар департаменті, аудан әкімдіктері мен Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының тарапынан газ жабдықтарын пайдалану және қауіпсіздігін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр.
2022 жылы газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу бойынша - 7 дерек анықталған болса: 2023 жылы 65 жеке тұлғаға 784 875 теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осыған қарай, қала тұрғындарына Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес айыппұл салу көзделгендігін хабарлаймыз.
Айта кететін, мегаполистің даму жоспарына сәйкес былтыр елдімекендерді газдандыру мақсатында 18 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қаладағы 81 елдімекеннің 31-і жартылай газбен қамтылған. Сондай-ақ 2 магистралды желі мен 8 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, 28 мыңнан астам адамға табиғи газ көзіне қосылуға мүмкіндік берілді. Жоспарға сәйкес 8 нысанның құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Қаланың даму жоспарына сәйкес, 2025 жылы елді мекендер 100 пайыз газдандырылады.
Сондай-ақ Үкімет басшысы тозығы жеткен газ желілерін тұрақты бақылау қажеттігін ескертті.
Газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөнінде мәселелер бойынша Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының әлеуметтік желілердегі парақшаларынан және төменде көрсетілген көрсетілген байланыс нөмірі арқылы хабараласып білуге болады.
Instagram – gask.shym
Facebook – ГАСК
Whats App – 8701 333 40 15
104 – газ авариялық қызметі

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...