Шымкент қаласы білім басқармасының Қосымша білім беру оқу салалық орталығының” жылдық жоспарына сәйкес, республикалық маңызы бар 13 іс-шаралардың өткізу кестесі бойынша жалпы білім беру мекемелерінің білім алушылардың болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін, мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту мақсатында “Мамандықтар әлемін ашамыз” форумының қалалық іріктеу кезеңі «Оқушылар сарайы» базасында өтті. Форумға жалпы орта білім беру мекемелерден барлығы 200 оқушы қатысты.
Шымкент қаласы бойынша орта білім беру нысандарын салу жөнінде Жол картасы жасалады. Ұлттық жоба аясында қалада 25 мектеп салынады, биыл – 12, келесі жылы 13 ғимараттың құрылысы жүргізіледі.
Қазір қалада үш ауысымды 4 білім ошағы бар. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін ғимараттар есебінен бұл мәселе түбегейлі шешіледі.
Форум 4 номинация бойынша өткізілді.
Республикалық кезеңге жолдама алған оқушылар:
«Менің кәсібім - менің бизнесім» номинациясы:
I орын (қазақ тілі) - Тулегенова Айнұр №132 ЖОББМ.
I орын (орыс тілі) - Тәңірберген Іңкәр №137 ЖОББМ.
«Мамандық тұлғасы» номинациясы:
I орын (қазақ тілі) - Рахманкулова Гулзода №112 ЖОББМ.
I орын (орыс тілі) - Айбекова Жания. №90 мектеп-гимназия.
«Мен мамандықты таңдаймын» номинациясы:
I орын (қазақ тілі) – Аманкулова Айғаным №90 мектеп-гимназиясы.
I орын (орыс тілі) – Нұрлан Асылзат №90 мектеп гимназиясы.
I орын (ағылшын тілі) – Серікбай Анель №137 ЖОББМ.
«Болашақтың мамандығы» номинациясы:
I орын (қазақ тілі) – Жанибек Ерасыл №46 мектеп-гимназиясы.
I орын (қазақ тілі) – Құрбанқұл Рамазан №90 мектеп-гимназиясы.
Басқа да қатысушылар мен жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.
Жеңістеріңіз құтты болсын, қаламыздың жарқын болашағының жас мамандары!