Шымкент: Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары семинар-тренингке қатысты

Шымкент: Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары семинар-тренингке қатысты

Шымкент қалалық «Сана Сезім» орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Әйелдер құқығы. Әйелдердің мемлекет істеріне қатысуы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Оған Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі мен Еңбекші ауданы Полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары, денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен қала жастары арнайы қатысты. Түрлі сала өкілдері бас қосқан жиында қоғамдағы мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіру, отбасындағы қарым-қатынас, туындаған әлеуметтік шиеленістерді шешуге көмек беру туралы пікір алмасу өтті.
Тренингті өткізудегі басты мақсаты – әйелдердің құқықтары, олардың мемлекет істеріне қатысуын қолдау және ілгерілету мәселелерінде білім деңгейін арттыру.
Іс-шарада сөз сөйлеген Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция аға лейтенанты Жаңыл Қаныбекқызы: «Әйелдер құқықтарын қорғаудың қолданыстағы тетіктері мен гендерлік теңдік туралы, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мәселелері бойынша» толығырақ түсіндіріп өтті.
Еске салар болсақ Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері «Сана сезім» құқықтық орталығымен бірлесе «Отбасыда зорлық-зомбылық жоқ» атты республикалық акциясын өткізген болатын.
Бүгінде Шымкент қаласында отбасылық жағдайдағы зорлық-зомбылыққа душар болған жандарға қол ұшын созатын «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы жұмыс атқарып келеді. Орталық құқығы тапталған қыз-келіншектерге тегін және жасырын түрде заңды көмек беріп, Полицияға және мемлекеттік органдарға жүгінуге көмектеседі, деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...