ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САРБАЗДАРЫНА ІІО-НА ҚЫЗМЕТКЕ ТҰРУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРДІ

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САРБАЗДАРЫНА ІІО-НА ҚЫЗМЕТКЕ ТҰРУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРДІ

Қалалық полиция департаменті кадр саясаты басқармасының қызметкерлері ҚР Ұлттық ұланының 6698 әскери бөлімінің сарбаздарына Ішкі істер органдарына конкурстық негізде қызметке қабылдау және ІІМ-нің жоғары оқу орындарына түсу қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында әскери қызметшілер құқық қорғау саласының негізгі бағыттары, полиция қатарына қызметке тұру тәртібі және кандидаттарға қойылатын талаптар туралы толық ақпарат алды.
Кадр саясаты басқармасының бастығы Данияр Ундербаев ІІО-на жұмысқа орналастырумен жоғары білім алуға ниет білдірушілерді Ішкі істер министрлігінің Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларына оқуға түсу алгоритмімен таныстырды.
Қоғамдық тәртіп - адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің қоғамда қалыптасқан құқық пен мораль нормаларына немесе қандай да болсын ұйымның талаптарына сай келетін нұсқасы. Қоғамдық тәртіп қоғамның қалыпты тіршілік етуінің қажетті шарты болып табылады. Қоғамдық тәртіп арқасында адамдардың мінез-құлқы мен іс-қылығы тәртіпке келтірілген сипатқа ие болады. Мұның өзі ұжымдық қызметті және әлеуметтік ұйымдардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қоғамда әрқашанда жалпыға бірдей міндетті тәртіп пен белгілі бір ұйым мүшелеріне ғана міндетті арнаулы тәртіп (әскери тәртіп, еңбек тәртібі, т.б.) жолға қойылады. Қоғамдық тәртіп әрқашанда қоғамдық қатынастармен айқындалады және ол осы қатынастарды қорғауға қызмет етеді. Саналы тәртіп, пайдакүнемдік пиғылдағы және мәжбүрлі тәртіп түрлеріне бөлінеді. Саналы тәртіп — қоғам мүшелерінің мінез-құлық нормаларын терең сезініп игеруі. Тәртіпті адам қоғамдық өмірде қабылданған мінез-құлық нормаларын ұстау қажеттігін іштей түйсініп әдеп ретінде қабылдайды. Оларды сақтай алмаған жағдайда ұяттан қысылып, өзін кінәлі сезінеді. Қоғамдық тәртіп қоғам мүшелерінің жеке мүдделерінің, олардың қажеттерінің және олар орындайтын әлеуметтік мінез-құлық нормаларының бір-бірімен ұштасу дәрежесімен айқындалады. Егер бұл нормалар жеке адам іс-әрекетінің іштей құлшынысына айналмаса, онда мұның өзі мінез-құлықтағы түрлі ауытқуларға апарып соқтырады.
Полиция өкілдері жастарға қиын және, сонымен бірге, қызықты қызметі, сондай-ақ қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша маңызды міндеттері туралы айтып берді. Іс-шара соңында сарбаздарды қызықтырған сұрақтарға жауап берілді, деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...