МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЗАҢЫН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЗАҢЫН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Түркістан облысы әкімі Д.Сатыбалдының тапсырмасы бойынша облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеровтың төрағалығымен облыс аумағында тапсырыс берушілерге Мемлекеттік сатып алу Заңын түсіндіруге арналған семинар-конференция өтті. Семинарға 250 қызметкер қатысты. Аудандар мен қаладан 120 қызметкер, облыстық басқарамалардан 130 қызметкер қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, өңірді дамытуда мемлекеттік сатып алу шараларын уақтылы әрі сапалы өткізу маңызды екеніне тоқталды. Мамандарға өз салалары бойынша тәжірибені арттыруды тапсырды.
Бүгінгі жиында Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу әдіснамасы департаментінің қызметкері, Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілі, «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС-нің басшылық құрамы дәріс берді.
Семинар барысында Заңға енгізілген өзгерістер мен мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілдері талқыланып және кездесу барысында кейсті және ситуациялық тапсырмалар шешілді.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат берілді. Мұндай семинар-конференция алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіліп тұрады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ