ТҮРКІСТАНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БАҒЫТЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БАҒЫТЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Сәуір айынан бастап, қараша айына дейін өрт қаупі көбейеді. Осы уақыттарда орманды алқаптарды өрттен қорғау жұмысы ерекше күшейтілуі тиіс. Бұл ретте «Жасыл аймақ» КММ-де орман қоры жерлерінде өрттен сақтау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отыр. Тиісті мекемелермен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 2022-2023 жылдарға арналған бірлескен өзара іс-қимыл әрекетінің жоспары түзілген. Жоспар бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Бүгінге дейін орман өрті оқиғасы тіркелген жоқ. Биыл да орман өртінің алдын алу және оны болдырмау мақсатында іс-шаралар атқарылып, үнпарақтар таратылды. Сондай-ақ орман-дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекетттік мекемесінің аумағы мен іргелес жатқан учаскелерде өртті сөндіру жұмыстарын ұтымды әрі тиімді атқару үшін өртті сөндіруге тартылатын мекеме қызметкерлері мен жұмысшыларынан құрылған өрт сөндіру топтары құрылды. Өртке қарсы қолданылатын техникалар, құрал-жабдықтар түгендеуден өткізіліп, жарамдылығын анықтау жұмыстары жүргізілді, – деді «Жасыл аймақ» КММ Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі инженері Б. Досалы.
Мамандар Түркістан қаласының табиғатын көркейту мақсатында «Жасыл аймақ» КММ-мен жүргізіліп жатқан көгалдандыру жұмыстарын бағалап, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және егілген көшеттерді қолайсыз факторлардан қорғау үшін атсалысуға шақырады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ