ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Ержан Төлепов діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау және бақылау мақсатында барлық аудан, қалаларда кездесулер ұйымдастыруда. Алғашқы кездесу Сауран ауданынан басталды. Жиынға аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев, ауданның зиялы қауым және дін өкілдері қатысты.
Кездесуде ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Ержан Төлепов бүгінгі таңда Түркістан облысындағы діни ахуал жайлы және атқарылып жатқан жұмастарды кеңінен баяндап өтті.
Кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, аудандық Әжелер алқасының төрайымы Балымхан Бәйтенова, Шорнақ ауылының ақсақалы Өтеген Әшенов сөз сөйлеп, өз пікірлерін ортаға салды. Дін өкілдерінің қоғам алдындағы міндеттері талқыланып, жамағатты игі істерге бағыттау, елді бірлікке шақыру, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, тазалыққа шақыруда және қоғамдық істерде белсенділік таныту жайы кеңінен қозғалды. Аудан басшысы дін өкілдерінің және көпшілік тарапынан айтылған барлық ұсыныстарына қолдау көрсететінін жеткізді.
Түркістан өңірі бойынша ҚМДБ-на қарасты мешіттер саны – 764. Онда 1200-дей дін қызметкері жұмыс атқарады. Ал Сауран ауданында 37 мешіт болса, ондағы діни қызметкерлер саны – 66. Ауданда діни ахуал тұрақты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ