ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ КОЛЛЕДЖ ҰСТАЗДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ КОЛЛЕДЖ ҰСТАЗДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Биыл Түркістан облысының арнаулы оқу орындары мен колледждерге республикалық қазынадан 15300 грант бөлінді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес өңірдегі колледждердің техникалық мүмкіндіктерін жақсарту жұмыстары жүріп жатыр. Сондай іргелі оқу орындарының бірі – Сарыағаш қаласындағы «Арыстанбаб» колледжі. 2003 жылы құрылған колледжге биыл 20 жыл толып отыр.
Аудандық мәдениет үйінде колледждің мерейтойы атап өтілді. Салтанатты жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев, халық жазушысы Мұхтар Шаханов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, академик Аманкелді Саданов, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Махатов, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Әділ Несіпбаев арнайы барып қатысты. Олар мерейтоймен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Шара барысында білім ордасының оқытушылары аудан әкімінің арнайы «Алғыс хатымен» марапатталып, колледж директоры Арслан Асановқа құрмет көрсетілді.
Айта кетейік, «Арыстанбаб» колледжі 2006 жылдан бастап халықтың сұранысы негізінде медицина мамандарын медициналық даярлауды қолға алды. Колледжде 70-тен астам ұстаз қызмет етеді. Студенттерге білім алуына қажетті және ыңғайлы жағдайлар жасалып, жаңа оқу-техникалық құралдармен жабдықталған. Білім ғимаратында 54 оқу кабинеті, 5 зертхана және 2 шеберхана бар.
Қазіргі таңда оқу орны еңбек нарығына аса қажетті халыққа қызмет ететін маман иелерін дайындауда. Атап айтқанда бастауыш білім беру, дене тәрбиесі және спорт, шетел тілінен бастауыш білім беру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, тәрбиешінің көмекшісі, құқықтану, заңгер, есептеу техникасы және ақпараттық желілер, бағдарламалық қамтамасыз ету, емдеу ісі, фельдшер, акушер, мейіргер ісі, фармацевт мамандықтары бойынша студенттердің жан-жақты, білімді, білікті кәсіп иесі болуы үшін жол сілтеп келеді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ