Қуат Хамитов Желідегі видеосы үшін полицияға жеткізілді

Қуат Хамитов Желідегі видеосы үшін полицияға жеткізілді

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов видеосы үшін полицияға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында азамат Қ.Хамитовтың зорлық-зомбылыққа шақырған видеосы анықталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 272-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Азамат Қ.Хамитов тиісті іс жүргізу әрекеттерін жүргізу үшін Алматы қаласының полиция департаментіне жеткізілді. Қылмыстық іс бойынша тергеу іс-шаралары кешенінің нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады. Іс-әрекеттер аз.Хамитовқа түбегейлі баға беріледі", - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, билік өкілдерінің заңды талаптарына және жаппай тәртіпсіздіктерге белсенді бағынбауға шақыру не жаппай тәртіпсіздіктерге арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Айта кетейік, Instagram желісіндегі парақшалардың бірінді Қуат Хамитовтың билік өкілдерінің талабына мойынсынбауға шақырған видеосы таралған еді.  

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В Алматы в ходе встречи акима Бостандыкского района Санджара Алина с жителями микрорайонов, испытывающих перебои с поставкой воды из-за...