Иранда күрестен әлем чемпионына қатысты өлім жазасы орындалды

Иранда күрестен әлем чемпионына қатысты өлім жазасы орындалды

Иранда 27 жастағы Навид Афракиге қатысты өлім жазасы орындалды. Бұл туралы Иранның мемлекеттік телеарнасының эфирінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.

Афкари сенбі күні таңертең Шираз-Адилабал түрмесінде өлтірілді. Тамыз айында сот спортшы мен оның екі ағасын үкіметке қарсы топ құрды, полицейді өлтірді және 2018 жылғы жазда тәртіпсіздікке белсенді қатысты дегенге кінәлі деп таныды.

Жақында АҚШ президенті Дональд Трамп және халықаралық құқық қорғау ұйымдары Иранды палуанға қатысты жазаны өзгертуге шақырды. Алайда Иран билігі шешімді өзгертпеді.

Сот үкіміне сәйкес Навид Афкаридің бауырлары - Вахид 54 жылға және Хабиб 27 жылға бас бостандығынан айырылды.

https://kaz.tengrinews.kz/world_news/iranda-kuresten-alem-chempionyina-katyistyi-olm-jazasyi-312913/

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бойынша бірқатар міндеттер қойды. Мемлекет...

В честь 80-летия Великой Победы в городе Алматы прошла масштабная благотворительная акция «Ардагерге құрмет». В рамках акции, волонтеры города...

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы қаласында «Ардагерге құрмет» атты ауқымды қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында Алматы қаласының еріктілері соғыс ардагерлеріне...