Бүгін Түркістан облысының сегізінші шақырылымдағы мәслихатының кезекті сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Көшеров қатысты.
Мәжілісті жүргізген облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішев күн тәртібінде жалпы 24 мәселе қаралып, айқындалатынын жеткізді. 2022 жылы облыстық мәслихат қызметін ұйымдастыру, депутаттардың сауалдары мен сайлаушылардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстарына тоқталды.
Жиында Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №19/232-VІI «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және облыс әкімдігінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жөнінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек баяндама жасады. Оның мәлімдеуінше, 2023 жылға арналған облыстық бюджет көлемі 18,3 млрд. теңгеге ұлғайтылуда. Негізгі шығыстар коммуналдық шаруашылық оның ішінде абаттандыру, газбен және ауыз сумен қамту, жарықтандыру, кәріз жүйелері мен инфрақұрылымдық нысандарды аяқтау, сондай-ақ автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау, кәсіпкерлікті дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу, денсаулық сақтау, спорт, қоғамдық даму, ветеринария салаларына бағытталады.
Сессияда кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялар мен кеңестердің құрамына өзгерістер енгізіліп, мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.