КЕЗЕКТІ АРАЛАУ

КЕЗЕКТІ АРАЛАУ

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков бүгін кезекті аралауды «Парасат» саябағындағы қайта жаңғырту құрылысынан бастады. Сондай-ақ, «Бірлік» аумағындағы сарқынды су жүйесінің, І-ІІ мөлтек аудандарын ауыз су құбырымен қамту құрылыстарының барысын бақылап, тиісті бөлім басшысы мен мердігерлерге бірқатар тапсырмалар жүктеді.
М.Мәметова мен М.Әуезов атындағы көшелерде төселген, жаяу жүргіншілерге арналған жолды аралап, кемшіліктер бойынша ескерту жасады. Балақаев көшесіндегі көп қабатты тұрғын үй, Төле би, Жүсіп Қадыр көшесінің қиылысындағы көп қабатты тұрғын үйлер, Төле Байтерекұлы көшесіндегі көп қабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру барысына қатысты да сын-ескертпелер айтылып, жұмысты ширату тапсырылды.
Аралау нәтижесімен Нұрбол Әбдісаттарұлы лездемелік мәжіліс өткізіп, сектор жетекшілеріне өз аумақтарындағы құрылыс нысандарына қоғамдық бақылау ұйымдастыруды тапсырды.
Қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің, инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшыларына кемшіліктерді жоюға мерзім белгілеп, құрылыс бөлімі басшысына техникалық қадағалаушы және авторлық бақылаушы мекемелерімен тығыз жұмыс жасауды тапсырды.
«Көңілсіз басталған іс күрек ұстағаннан-ақ белгілі. Өз салаларыңызға қатысты нысан құрылысының сапасын қатаң бақылауда ұстаңыздар. Кемшілік жіберілген жағдайда, мердігердің жауапкершілігі заң аясында шешілетіні белгілі. Сол кемшілікті көрмеген бөлім басшыларының да жауапкершілігі назардан тыс қалмайтынын ескертемін» деді шаһар басшысы өз сөзінде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау...

Ресей, Ленинград облысы Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының...