Қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі, партияның Еңбекші аудандық филиалының төрағасы Елшиева Альбина Балғабайқызы партия алаңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік, қоғамдық мәселелерін ортаға салып, оны оң шешуге ат салысуды сұрады. Халық қалаулысы азаматтарға денсаулық сақтау, тұрғын үй, инфрақұрылым тақырыптары бойынша сұрақтарына түсіндірме беріп, әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындарға көмек көрсету мүмкіндігін қарастырды.
Еске сала кетейік, ертең, 27 сәуір күні «Құқықтық көмек» партиялық жобасы және «Жастарға арналған шағын несие 2,5%»азаматтарды қабылдау бойынша ашық есік күні өтеді.
Сағат 10:00 ден 13:00-ге дейін заң сарапшысы, кәсіби заңгерлер мен адвокаттар, жеке сот орындаушылары мен медиаторлар, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары келіп, тегін кеңес береді.
Заң сарапшысы, кәсіби заңгерлер мен адвокаттар, жеке сот орындаушылары мен медиаторлар, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары келіп, тұрғындар мәселесінің шешімін табуға ат салысты. Тегін кеңес берді.
Айта кетейік, биыл Шымкент қаласы бойынша 261 жасқа микрокредит беру жоспарланып, бұл бағытқа 1,3 млрд теңге қаржы қаралып отыр. Жеңілдетілген несиені жаңадан кәсіп ашқысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар ала алады. Микрокредит «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі.
Еске салайық, «Құқықтық көмек» жобасы бойынша заңгерлердің тегін кеңесі аптасына екі рет өткізіледі. Ал айына бір рет құқықтық сала мамандары шалғай аудандарға баруды жоспарлап отыр.
Былтыр қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы кәсіби білім беру бойынша 1 287 жасты оқуға жолдаған. Олардың 470-і жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмыс орындарында, 262-сі жұмыс берушілердің жұмыс орнында оқыса, 555 адам еnbek.kz порталында онлайн дәріс алған. Ал 15 376 азаматқа кәсіпкерлік қолдау көрсетілген. Оның ішінде 7 084 -і жастар. Мұндағы 6 629 азамат «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытуға жолданса, 455 жасқа өтеусіз негізде мемлекеттік грант берілген.